Перейти к содержимому
Nazym93
Nazym93

Назира Бурханова

@Nazym93

На сайте с 20 мая 2012 г.Казахстан, Алматы

Тұрсын Назым

рейтинг

106

постов

517

комменты

7

подписчиков

11

подписок

7

«Дүйсенбілік спорт» жобасы мен NEET санатындағы жастар арасында волейболды не байланыстырады?

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында волейболдан өткен турнир мәресіне жетті. Social project management орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа «Саламат», «Байсат», «Алтын орда», «Тастақ» және тағы басқа базарлардан және жұмыссыз жастардан құралған 16 команда қатысты.

Алғашқы күн турнирдің іріктеу ойындарына арналды. Әр командада қыздар мен жігіттер аралас болды. Төрт топқа бөлінген командалар өзара бақ сынасып, келесі айналымға шығатын командаларды анықтау үшін барын салды. Турнир ережесіне сай командалар екі сет ойнауға тиіс болды, егер ойын 1:1 есебімен аяқталса, үшінші сет ойнатылды. Сөйтіп жеңімпаз 2:1 есебімен анықталып отырды.

Іріктеу ойындарының нәтижесіне сәйкес гранд финалға «Ақбұлақ», «Арыстан», «Жаңа Ялян», «Батыр» командалары жолдама алды.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды “Ақбұлақ” базарынан келген команда иеленіп, 250 мың теңгенің сертификатын қанжығасына байлады. 2-орын “Арыстан” базарының ойыншыларына бұйырып, олар 150 мың теңгенің сертификатын еншіледі. “Жаңа Ялян” базары мен “Батыр” базарының волейболшылары 3-орынды өзара бөлісіп, әрқайсысы 50 мың теңгеден олжалады.

Айта кетейік, бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласындағы базар жастары арасында шағын футболдан, үстел теннисінен, киберспорттан турнирлер өткен болатын. Бүгінгі волейбол жарысы осы жоба аясында өткен төртінші турнир. Алдағы уақытта баскетболдан турнир өткізу жоспарланып отыр.

0
0
2136

Элио "қазақша сөйледі"

Жақында біз Пиксар мен Диснейдің кезекті шедеврі “Элионың” қазақша версиясын тамашалап қайттық.

"Меломан" мен "Қазақ тілі" қоғамының серіктесіп, осындай дүниелерді қазақша сөйлетіп жатқаны - дубляж тіліне ықпал ететін мамандар пайда болғанын білдірсе керек.

Дисней түсірген кез келген жоба керемет болатыны түсінікті-ақ. Аудармаға келетін болсақ, тілі де, диплогтары да жатық шығыпты.

Картинаның өзіне келсек, балаларға өте қызықты тақырып көтерген. “Осы шексіз ғаламда біз жалғыз болмасақ ше?” - деп сұрайды Элио көрерменнен. Ата-анасынан айырылып, әпкесінің қолына қарап қалған кішкентай кейіпкердің жан дүниесіндегі арпалыс, балалар арасындағы буллинг, жалғыздық, дос табу, өтірік айту… бәрі шынайы, бәрі әсерлі. Элионың өзге ғаламшарға баруы, ондағы түрлі-түсті кейіпкерлер, өзгеше тіршілік бәрі-бәрі көрерменін тәнті етті.

P.S. Қазақ контентінің дамуына үлес қосамын десеңіз, балаларды қазақ тіліндегі дубляжына апарып, бірге көріңіздер дегіміз келеді.

0
0
2403

Aport Mall West - таптырмас демалыс мекені

2025 жылдың 22 мамыр күні Aport Mall West-те журналистер мен блогерлерге арналған баспасөз конференциясы өтті.

Аталған шара еліміздегі ең ірі сауда орталықтарының бірі — Aport Mall West нысанының қайта жасақталып, сондай-ақ аквапарк Miami Sunrise (Hawaii & Miami) атты жазғы аймағының ауқымды жаңартылуына арналды.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар Miami Sunrise аквапаркінің жаңартылған жазғы аймағының тұжырымдамасын таныстырды. Сонымен қатар, Aport Mall West реконструкциясы аясындағы сәулет және инженерлік шешімдерімен бөлісті. Конференция барысында отбасылық демалысқа арналған инфрақұрылымды дамыту және жайлылықты қамтамасыз ету жайы тілге тиек етілді.

Конференция спикерлері:

• Бас директордың құрылыс және жаңа жобалар жөніндегі орынбасары– Цатиашвили Морис Шерифович

• Aport моллдарын басқарушы директор – Мұхамеджанов Тимур Маратұлы

• Hawaii & Miami және Sanremo Resort&SPA аквапарктерін басқарушы директор – Астаева Айгүл Қайырғазықызы

• Aport моллдарының Маркетинг жөніндегі директоры – Амренова Динара

Анықтама үшін:

Aport Mall West ашылғаннан бастап 16 жыл ішінде сауда орталығын 180 млн-нан астам қонақ тамашалап үлгеріпті. Қазіргі таңда мұнда 250-ден астам жалға алушы жұмыс істейді, 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. 2009 жылдан бері Eurasia RED компаниясы Қазақстандағы алғашқы Aport West моллында сәтті жүзеге асырып келе жатқан Lifestyle форматындағы тұжырымдама International Property Awards пен Bloomberg ұйымдарының шешімімен Қазақстандағы ең үздік сауда нысаны ретінде танылған болатын.

Aport Mall West Орталық Азиядағы ең ірі молл, сауда мен демалыстың мүлде жаңа форматын ұсынатын бұл молл 210 000 шаршы метрден астам аумақта орналасқан. Мұндай ай сайын бір миллионнан астам қонақ келеді. Қонақтарға жайлы шопинг жасау үшін әлемдік және халықаралық деңгейдегі 100-ден астам бренд шоғырланған. Олардың көпшілігі – Koton, DeFacto, LC Waikiki, Reserved, Colin’s, New Yorker, O’stin және тағы басқалары – өздерінің Қазақстандағы алғашқы дүкендерін дәл осы Aport Mall West орталығында ашқан.

Молл аумағында барлық жастағы балаларға арналған ең танымал және бірегей ойын-сауық түрлерін ұсынатын ірі әрі ерекше Funky Town мен Funky World отбасылық ойын-сауық парктері орналасқан. Бұл парктер біртұтас тұжырымдама аясында келесі аймақтарды қамтиды:

Аттракциондар мен ойын аймағы, барлық жабдықтар АҚШ пен Еуропадан жеткізілген;

Белсенді ойын алаңы – үлкен лабиринт, сәби бөлмелері, кедергілер жолағы, сырғанақтар, арқан жолдары және тағы басқа ойын түрлері;

Балалар кафесі – туған күндерге арналған бөлмелер мен концерттер және мерекелік іс-шараларға арналған сахна бар;

Заманауи VR-аймақ пен жарқын 3D және 2D декорациялар – декоративтік жарықтандыру Бельгиядан арнайы әкелінген.

Сондай-ақ, Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін алғашқы су ойын-сауық кешені — Hawaii Miami Aquapark & SPA ерекше су аттракциондарымен, 14 түрлі толқыны бар айдынды теңізімен, тақырыптық барлар мен мейрамханаларымен, 2500 м² аумақтағы кең SPA-орталығымен және еуропалық стандарттарға сай су тазарту және сүзгілеу жүйесімен ерекшеленеді.

Ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін аквапарктың жазғы аймағы Miami Sunrise атауымен қайта ашылып, келушілерге заманауи бассейндер мен су аттракциондарын, жағажай демалысының атмосферасы мен қауіпсіздіктің заманауи технологиялары үйлескен ерекше су кешенін құрайды.

Пресс тур барысында қатысушылар жаңартылған аймақтармен танысты. Атап айтқанда:

Splash-аймақ – әртүрлі су ойын элементтерімен жабдықталған балаларға арналған ойын алаңы;

-Жаңа баскетбол алаңы;

- 4 жаңа бассейн, оның ішінде бірі – термалды;

- Жазғы жаңа асүй, жаңа мәщірінде дәмі тіл үйіретін тағамдары бар.

0
0
3014

2901

RAHAT FEST 2025: рахат пен қуатқа толы фестиваль!

RAHAT FEST тағы да күнді, музыканы және нағыз жазғы көңіл-күйді аңсайтындардың басын біріктіреді!

Өтетін күні: 31 мамыр
Уақыты: 13:00-ден 22:00-ге дейін
Орны: Первомай көлдері, TORTUGA демалыс орталығы

31 мамырда қарағайлар мен көлдердің арасында, көркем TORTUGA демалыс орталығында фестиваль қонақтарын жанды концерт, дәмді тағамдар мен көңілді іс-шараларға толы рахат атмосфераға толы қызықты күн күтеді

RAHATFEST 2025: рахат пен қуатқа толы фестиваль! — бұл бүкіл отбасына арналған мереке. Әр қонақ өзіне лайықты қызықтарды таба алады: музыка, табиғат, эмоциялар, фуд-корт және жазғы ең жақсы спектакльде демалыс орындары.

RAHAT FEST фестивалінің ұйымдастырушысы Полина Ахметова:

"Биыл біз ағаштары көп, өте кең жасыл аймақты TORTUGA демалыс орталығынтаңдадық. Күннен немесе жаңбырдан жасырынатын мекендер қарастырылған. 2025 жылы қонақтарды таңғажайып музыканттар құрамымен қуантады! Фестиваль қонақтарының арасында "Градусы" тобы, “Градусы”, Willy William (Франция), Звонкий, Tanir & Tyomcha, Adam, HIRO, Крайм Волшебник, Colorit, Asik бар. Достармен және отбасымен кездесулер үшін көбірек алаңдар, әдеттегідей балалар мен ересектерге арналған ойындар, көптеген іс-шаралар, жарыстар бар, ол үшін сіз жеке билеттерді сатып ала аласыз және концертті екінші қабаттан ыңғайлы мекенде тамашалай аласыз»

ФЕСТИВАЛДА НЕ БОЛАДЫ?

Басты сахна - жазды тербететін музыка!

  • Willy William (Франция) - халықаралық хитмейкер, Ego, Mi Gente авторы, оның қойылымдары энергия мен би көңіл-күйінің жарылуы.
  • "Градусы" тобы - «Голая», «Режиссер» хиттері және ашық аспандағы жаңа тректер.
  • Звонкий – өз дауысы мен бит соғуымен ерекше атмосфера жасайтын өнерпаз.
  • Tanir & Tyomcha — танымал қазақстандық топ мен шынайы тректер.
  • Адам – ән мәтіні, тербеліс және жылулық сыйлайтын дауыс.
  • HIRO - романтика, стиль және онымен бірге өмір сүретін көрініс.
  • Крайм Волшебник - ерекше музыкалық әлемі бар.
  • Colorit және Asik – алғашқы аккордтардан көңіл-күйді көтеретін жергілікті сахнаның жарқын өкілдері.

БҰЛ КОНЦЕРТТЕН ЗОР ШАРА:

  • Фуд-корт – кез келген талғамға сай ондаған тамақ пен сусын сататын орындар: көшедегі жеңіл тағамдардан бастап ерекше тағамдарға дейін қарастырылған
  • Фотоаймақтар мен өнер нысандары - естелік болсын
  • Салқындату аймақтары - гамактар, пуфтар, жастықтар, көрпелер және шөп үстіндегі пикниктер
  • Мастер-класстар, квесттер мен іс-шаралар – балаларға да, ересектерге де арналған
  • Керемет сыйлықтары бар конкурстар мен ұтыс ойындары
  • Аниматорлары бар балалар аймағы – әрі көңілді, әрі қауіпсіз
  • VIP аймағы – сахна көрінісі, бөлек кіреберіс, бар және жайлылығы бар екінші қабат

Маңызды: 10 жасқа дейінгі балаларға ата-анасымен кіруге рұқсат етілген

ҚАЛАЙ ЖЕТУГЕ БОЛАДЫ?

Ұйымдастырушылар ыңғайлы трансферді қарастырды:

  • Фестивальге Спорт сарайының тұрағынан (Байтұрсынов к-сі, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшелерінің арасы) автобустар сағат сайын сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін жүреді.
  • TORTUGA демалыс орталығынан қалаға қайтатын автобустар 22:00-ден 23:00-ге дейін жүреді

БИЛЕТТЕР

Барлық санаттар, соның ішінде VIP билеттерді мына сілтеме арқылы сатып алуға болады:

https://m.ticketon.kz/event/raxat-fest

0
0
3299