Перейти к содержимому
Обложка сообщества Общество

«Гедеон Рихтер Қазақстан": Репродуктивті денсаулық – тек медициналық емес, әлеуметтік мәселе

Алматыда «Гедеон Рихтер Қазақстанның» қолдауымен «Әйел денсаулығы қоғам назарында» атты ашық пікірталас өтті.Онда медицина қауымдастығының өкілдері, дәрігерлер, гинекологтар, қоғамдық ұйымдар мен танымал медиа тұлғалар қазақстандық әйелдердің әртүрлі жастағы топтары денсаулық саласында бетпе-бет келіп отырған негізгі кедергілерді талқылады. Сондай-ақ Kazakhstan Women’s Health жобасы аясында жүргізілген жыл сайынғы Ayelder Dausy 2025 сауалнамасының нәтижелері таныстырылды.

Талқы барысында зерттеу нәтижелерінен статистика да берілді. Сол статистикаға сәйкес, Қазақстан әйелдерінің  жартысынан көбі контрацепцияны қолданбайды, ал үштен бірі шұғыл қорғаныс құралы туралы тіпті  білмейді. Kazakhstan Women’s Health жобасы аясында өткен «Ayelder Dausy 2025» деп аталатын сауалнама нәтижесі осындай. Зерттеу мақсаты Қазақстан әйелдерінің  өз денсаулығына деген ұқыптылық деңгейін анықтау. Бұл әлеуметтік зерттеуге  түрлі өңірлердің 18 бен 60 жас аралығындағы 540 әйел тартылып, нәтижесі  30 қыркүйекте Алматыда өткен «Әйелдер денсаулығы қоғам назарында» деген пікірталас алаңында айтылды.Сауалнама деректеріне сүйенсек, әйелердің 51,9% гинекологқа жылына кем дегенде бір рет қаралады. Былтырғы  жылмен салыстырғанда жағдай сәл де болса жақсарған: 2024 жылы респонденттердің 19%-ы дәрігерге бармайтынын айтса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 4% төмендеген.2024 жылы әйелдердің 47%  шағымымыз жоқ деп  бармаса, 2025 жылы дәрігерге қаралмаудың себебі деп қаржының тапшылығы, лабораториялық зерттеулердің қымбаттауы деп жауап берген. Бұған дейін проблеманың осы қырына респонденттердің  21% шағымданса, қазір 42,6% әйелдің айтатын шағымы осы!  

Расында да медициналық қызмет құнынының өскені респонденттердің 38,9% үшін кедергіге айналған. Сонымен қатар, дәрігерге баруға уақыт таппайтындардың үлесі де күрт артқан (46,3% – бір жыл бұрынғы 18%-бен салыстырғанда).Өткен жылмен салыстырғанда өз бетінше емделуді таңдағандардың  пайызы әлі де жоғары болып тұр.  Әйелдердің 60%-дан астамы дәрігердің кеңесінсіз дәрі қабылдайды.

«Репродуктивті денсаулық – тек медициналық емес, әлеуметтік мәселе. Егер әйел дәрігерге сұрақ қоюдан қорқатын болса немесе өзідігінен ем тағайындауды  жөн санаса, біз қоғам ретінде үлкен әлеуеттен айрыламыз. Жаңа мәдениет қалыптастыру маңызды: дер кезінде дәрігерлік көмекке жүгіну, мамандарға сену және денсаулықты күту қалыпты жағдай, әдеттегі дағды, өмір салтына айналу керек», – деді медицина ғылымдарының докторы, Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, академик  Вячеслав Локшин. Әңгімеге арқау болған тағы бір мәселе-менопауза,климакс.

«Сауалнамаға қатысқан әйелдердің 72,7%-ы дәрігермен менопаузалық гормоналды терапияны (МГТ) қолдану мүмкіндігін ешқашан талқыламаған. Сонымен бірге, олардың 45,5%-ы климаксты емдеудің қажеті жоқ десе, 27,3%-ы гормоналды терапия қауіпті және ауыр жанама әсерлері бар деп санайды», – деп атап өтті IRM Clinic Almaty акушер-гинекологы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Галина Гребенникова.Оның айтуынша, Қазақстан әйелдері үшін бұл тақырыпта ақпарат та, ағартушылық нәсихат та аз.Ал бүгіде әлем гормоналды терапияны кеңінен қолданады. Қазақстандық дәрігерлер де бұл әдісті қолдап, әр науқасқа жеке ем тағайындайды.«Бүгінде фармацевтика әйелдің өмірінің әр кезеңінде – контрацепциядан бастап репродуктивті денсаулықты кеңінен қамтитын қолдауды ұсынады. Біз үшін Қазақстан әйелдері заманауи әдістерге және сенімді ақпаратты біліп отырып, денсаулығын бақылай алады. Соның арқасында өмірін толыққанды басқара алады », – деді «Гедеон Рихтер Қазақстан» компаниясының бас директоры Павел Хегай.

Қысқасы, шара барысында әйел денсаулығына қатысты көптеген мәселе талқыға түсті.

0
0
4131

Еще по теме

«Гедеон Рихтер Қазақстан": Репродуктивті денсаулық – тек медициналық емес, әлеуметтік мәселе - Yvision.kz