Элио "қазақша сөйледі"
Жақында біз Пиксар мен Диснейдің кезекті шедеврі “Элионың” қазақша версиясын тамашалап қайттық.

"Меломан" мен "Қазақ тілі" қоғамының серіктесіп, осындай дүниелерді қазақша сөйлетіп жатқаны - дубляж тіліне ықпал ететін мамандар пайда болғанын білдірсе керек.

Дисней түсірген кез келген жоба керемет болатыны түсінікті-ақ. Аудармаға келетін болсақ, тілі де, диплогтары да жатық шығыпты.

Картинаның өзіне келсек, балаларға өте қызықты тақырып көтерген. “Осы шексіз ғаламда біз жалғыз болмасақ ше?” - деп сұрайды Элио көрерменнен. Ата-анасынан айырылып, әпкесінің қолына қарап қалған кішкентай кейіпкердің жан дүниесіндегі арпалыс, балалар арасындағы буллинг, жалғыздық, дос табу, өтірік айту… бәрі шынайы, бәрі әсерлі. Элионың өзге ғаламшарға баруы, ондағы түрлі-түсті кейіпкерлер, өзгеше тіршілік бәрі-бәрі көрерменін тәнті етті.

P.S. Қазақ контентінің дамуына үлес қосамын десеңіз, балаларды қазақ тіліндегі дубляжына апарып, бірге көріңіздер дегіміз келеді.
