ҰСТАЗ БОЛУ – АДАМНЫҢ АСЫЛДЫҒЫ
Бүгін біз барлық мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз. Педагог — қадірлі мамандық. Сіздерді бүкіл саналы ғұмырын бала тәрбиесіне, мектепте білім беруге арнаған ерлі-зайыптылармен таныстырғымыз келеді. «Барша ұстаздарды мерекесімен құттықтаймыз! Мұғалім үшін ең үлкен сый – шәкірттерінің жетістігін көру. Біздің мұратымыз да осы. Әр мұғалім өз шәкірттерімен мақтана алатындай деңгейге жетуін тілейміз», — деп бүгінгі сұқбатымыздың кейіпкерлері жүрекжарды батамен сөз бастады. Мыңжасаров Дүйсен Досбосынұлы мен Асылбек Фарида Мұханбекқызы бар өмірін бала оқытуға арнаған жандар. Екеуінің мұғалімдік еңбек өтілін қосқанда 64 жылды құрайды екен. Ерлі-зайыптылар ұстаздық етуді бірге бастап, Алматыға көшіп келгеннен бері №109 мектепте иық тіресе еңбек етіп келеді. Олар бала күнінен таныс. Райым…