Разъяснение слухов о продлении учебного года для 11-классников
МЕКТЕПТЕРДЕГІ РОБОТОТЕХНИКА: ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСІ.
МЕКТЕПТЕРДЕГІ РОБОТОТЕХНИКА: ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСІ Робототехника – Қазақстанның білім беру мекемелерінде енгізіліп жатқан жаңа бағыттардың қатарында. Бүгінде республикамыздағы жүздеген мектеп пен жоғары оқу орнында өте бастаған бұл аралас пәннің құрамында бірқатар қолданбалы пәндер бар. Болашақ робот құрастырушы математика мен физиканы, информатика мен сызуды, басқа да бірқатар ғылым саласын міндетті түрде меңгеруі тиіс. Ал өткен жылдан бастап оқығандары мен үйренгенін тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік берілуі осы бір ерекше мамандықтың қызығына бойлаған қазақстандық балалар үшін аса маңызды қадам болды. Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен еліміздегі бірқатар білім беру мекемелері жаңа Lego Education жиынтықтарымен жабдықталды, оның көмегімен ойға алған ең батыл жобалард…