ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ
13 наурыз, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы мəжіліс залында Қазақстан Жазушылар Одағы мен ҚХР "Ан Арыс" баспасының тікелей пəрменімен Тарбағатай өңірінің тумасы, жазушы, этнограф, ғалым, тарихшы Зейнолла Мүбəрəкұлы СƏНІК (1935-2013) пен қызы Жанат ЗЕЙНОЛЛАқызының бірлестігімен жарық көрген "ҚАЗАҚ ЭТНОГРАФИЯСЫ" кітабының тұсауы кесілді. Халықаралық деңгейде өткен жиынға Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, драматург Нұрлан ОРАЗАЛИН, ақын Ұлықбек ЕСДƏУЛЕТ, журналист Қыдырəлі ҚОЙТАЙ, Қазақстанның Халық əртісі Нұрғали НҮСІПЖАНОВ, Сүлеймен Демирел атындағы қазақ-түрік университетінің ф.ғ.д , профессор Дандай ЫСҚАҚҮЛЫ, тілші, аударма шебері Дəулетбек БАЙТҰРСЫН, М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.д. Гүлжаһан…