Yvision.kz
kk
Qaz
Qaz
492 постов4 подписчика
0
03:50, 15 октября 2020

Мен редактор болсам...

Ал балалар мен жасөспірімдердің иммунитеті әлі де толық қалыптаспағандықтан,олар кез келген дүниені, әсіресе, теріс әрекеттерді тез қабылдап алады. Сондықтан, біз балаларға көрсететін дүниені өзіміз жасамасақ болмайды деп ойлаймын.Сол тұрғыда мен балаларға арналған «Айналайын» деп аталатын балалардың рухани азығын байытуға үлес қосатын журналды жарыққа шығарғым келеді.Журналдың атауын бұлай қоюымның өзіндік себебі де бар «Айналайында»-мейірім бар,жақсылық бар,өмір бар дер едім. Өзім де үйге барсам кәрі апамның басымнан сипап, "айналайын" деп емірене сүюін күтіп тұрамын. Қариядан бата алсақ та, сөз соңында "айналайын" дер ме екен деп, елеңдейміз

Ғой. Пейілі өзге ағаның "айналайын" деп еміренгенін естігенде, әлем гүлденіп кеткендей болады маған. Қараңызшы,сөздің құдіреті қандай ә?! Бұл журнал сол кішкентай балапандарымызға «Айналайын келе ғой» деп ,өзіне шақырып,,адалдыққа, білімділікке баулыса деген ниет қой мендегі.

Журнал шамамен 6-9 жас аралығындағы оқырмандарға арналады,айына төрт саны шығарылады. Оның көлемі шағын,шамамен күнделікті дәптерден үлкенірек формада болады.Журнал тек қана өте ашық,бір қарағанда -ақ көңіл күй сыйлайтын түстермен боялады.

Енді журналдағы басты айдарларға тоқталсам. Жалпы онда «Ұлттық салт-дәстүр»,«Үш тұғырлы тіл», «Кел ойнайық!», «Сен білесің бе?», «Ойлан тап!», «Анаңмен/әкеңмен бірге», «Жас ғалым» деп аталатын тұрақты айдарлар орын алады. Мысалы «Ұлттық салт-дәстүр» айдарымен берілетін материалдар өзінің этнографиялық сипатымен құнды болады. Онда балалар өміріне байланысты ұлттық салт-дәстүрлер арнайы жазылған көркем әңгіме формасында беріледі.Яғни солай әңгіме ретінде берілсе,балалардың қабылдауына да жеңіл,әрі қызыға оқитын болар деп ойлаймын. Ал «Кел ойнайық!» айдарымен ұлттық ойындардың ережелері таныстырылса, «Ойлан тап!» айдарында балалардың ойлау қабілетін дамытатын түрлі танымдық ойындар беріліп отырады. Ал « Сен білесің бе?» айдарында балалар еліміздегі жер,су,қала атауларының терең тарихымен танысады. «Жас ғалым» айдары ғылым мен білімге қызығушылық танытып жүрген балаларға арналады, онда қазақ халқындағы және әлем тарихындағы өз жолдарын қалдырған ғалымдар туралы,олардың жеткен жетістіктері баяндалады. Меніңше оны оқыған баланың бойында белгілі бір ерік-жігер,қызығушылық пайда болады. «Анаңмен/әкеңмен бірге» айдары бала мен ата-ананың бірге уақыт өткізулеріне сеп болады,себебі қазіргі жұмысбасты ата-аналар көп қоғам үшін бұл маңызды.Ата ана баламен бірлесе отырып,журнал бетінде берілген тапсырмаларды орындайтын болады. Бұл олардың арасындағы мейірім мен махабаттың артуына аз да болса үлес қосса деген үмітім де жоқ емес.

Міне мен өзімнің кішкентай ғана арман-мақсатыммен таныстырдым.Менің балалар журналын таңдауымның себебі,қазақта «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп бекер айтылмаса керек..Жас буынның бойына рухани құндылықтарымызды сіңіре алсақ, ұлтжанды етіп тәрбиелей алсақ бұл біздің жеңісіміз болар еді.

0
488
0