🏛 Мемлекеттік қызмет – жаңа форматта: 2025 жылдың шілдесінен бастап кімдерге жаңа жүйе қолданылады?
2023 жылдың 1 наурызынан бастап мемлекеттік қызметке қабылдау бойынша жаңа жүйе пилоттық режимде іске қосылды. Бұл жүйе "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасу үшін интеграцияланған ақпараттық жүйе арқылы іріктеу жүргізуді көздейді.
Жарты жыл сайын жаңа мемлекеттік органдар осы жүйеге қосылып келеді.
📅 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық қалған органдар жүйеге өтеді.
Төменде толық тізім берілген:
🔹 Қаржылық мониторинг агенттігі
🔹 Жоғарғы сот кеңесі аппараты
🔹 Бас прокуратура
🔹 Конституциялық Сот аппараты
🔹 Сот төрелігі әкімшілігі
🔹 Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
🔹 Жоғары аудиторлық палата
🔹 Орталық сайлау комиссиясы
🔹 Қаржы министрлігі
🔹 Ішкі істер министрлігі
🔹 Төтенше жағдайлар министрлігі
🔹 Жергілікті мемлекеттік органдар (әкімдіктер, мәслихаттар), тексеру комиссиялары: Абай, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан облыстары және Алматы қаласы.
*** Сөздегі қателіктерім үшін кешірім сұраймын. Посттарды өзім жазамын ***
