Перейти к содержимому
Обложка сообщества Общество

🧠 Мәтіндік тест деген не және ол не үшін қажет?


Мәтіндік тест – бұл берілген мәтінді мұқият оқып, сол мәтінге қатысты тұжырымның дұрыстығын бағалауға бағытталған тапсырма.

Бұл тесттер адамның тек оқи білу қабілетін ғана емес, сонымен қатар логикалық ойлау, талдау және қорытынды жасау дағдыларын тексереді.

🔍 Мұндай тесттер мемлекеттік қызметке іріктеу кезінде, халықаралық компанияларда және жоғары оқу орындарына түсу барысында кеңінен қолданылады. Олар үміткердің мәтіннің мағынасын дұрыс түсініп, дәлелді шешім қабылдай алуын анықтауға көмектеседі.

📌 Мәтіндік тестке мысал:

Жасанды интеллект (ЖИ) өмір мен қызметтің әртүрлі салаларына айтарлықтай әсер етеді. Ол процестерді автоматтандыру, деректерді өңдеудегі дәлдік пен жылдамдықты жақсарту, сондай-ақ, оқуға және бейімделуге қабілетті интеллектуалды жүйелерді құру үшін қолданылады. ЖИ денсаулық сақтау саласында ауруларды диагностикалау үшін, қаржы саласында нарықтық трендтерді талдау үшін, өндірісте процестерді оңтайландыру үшін және қызмет көрсету саласында жекелендірілген ұсыныстар үшін қолданылады. Жасанды интеллекттің негізгі артықшылықтарына тиімділікті арттыру, қателерді азайту және ауқымды көлемдегі деректерді өңдеу мүмкіндігі жатады. Дегенмен, этикалық мәселелер, деректер қауіпсіздігі және жұмыспен қамтуға әсер ету ықтималдығы сияқты қиындықтар да бар.

ТҰЖЫРЫМ: Көптеген елдер ЖИ пайдалануды реттейтін заңнамалық актілер әзірлеп, енгізіп жатыр.

✅ Тұжырым ШЫН
❌ Тұжырым ЖАЛҒАН
❓ Қосымша ақпаратсыз ТҰЖЫРЫМНЫҢ ШЫН НЕМЕСЕ ЖАЛҒАН ЕКЕНІН АЙТА АЛМАЙСЫЗ

👀 Мұндай тесттер арнайы білімді қажет етпейді, бірақ зейінді болуды талап етеді. Жауапты тек мәтіндегі ақпаратқа сүйене отырып таңдаңыз.

💡 Тағы осындай тапсырмаларды орындап көргіңіз келе ме?

ProQyzmet.online сайтына кіріп, сенімді дайындықты бастаңдар!

ШЕШІМ:

«Көптеген елдер ЖИ пайдалануды реттейтін заңнамалық актілер әзірлеп, енгізіп жатыр» деген тұжырымды «Сіз айта алмайсыз».

Мәтінде көптеген елдер жасанды интеллектті пайдалануды реттейтін заңнамалық актілерді әзірлейді және енгізеді деген ақпарат жоқ. Мәтінде этикалық проблемалар мен деректер қауіпсіздігі сияқты қиындықтар туралы айтылған, бірақ онда заңнамалық актілерді әзірлеу мен енгізу туралы нақты мысалдар жоқ.

0
0
7831

Еще по теме

🧠 Мәтіндік тест деген не және ол не үшін қажет? - Yvision.kz