БІР ҚҰДАЙДЫҢ ДИДАРЫН, СЕН КӨРМЕСЕҢ КІМ КӨРЕР...
"... Ақ шалмалы пірлердің Мешітке жаққан шамдары-ай, Кәпірден теңдік алуға Қайтып та келер деймісің Мұсылманның баласы, Шыңғыстан туған хандар - ай..." Мұрат Мөңкеұлы (Қазтуғанның атынан айтылған).
Ертең Жұма күні киелі хандарымызды еске алайық, дұғамызға қосайық. Қазақ үшін ащы терін ғана емес сұйық қандарын төккен қайран хандарымыз... Есімдері қандай, желде есіп гуілдеген байрақтай: Еңсегей бойлы Ер Есім! Салқам Жәңгір! Керей Баһадұр Хан! Қасым Баһадұр Хан! Әз Жәнібек! Хак Назар Хан! Тәуеккел Бахадүр Хан! Кенесары! Абылай Баһадұр Хан! ... Ұранды, киелі сойлар...
Абылай туралы Бұқардың айтқаны бар: Бір Құдайдың дидарын, Сен көрмесең кім көрер!... Жаратқан Иемнің дидарын көрген хандарымыздың жандары жанатта болсын!..
Өркениетті рухты елдерде патшалар мен хандарын еске алу күндері бар. Бір Мажарстанның өзіңде корольдарын ұлықтайтын бірнеше даталары бар. Халықтың рухын көтеретін сәттер. Сент – Әулие Іштуан күнінен бастап...
Еліне қызмет еткен билеушілер әулиеге тең оларда.
Біз де жетерміз ондай күндерге.
Киелі хандарымыз кіммен жауласқанын мынадан көр: Күн батыстан бір дұшпан, Ақырда шығар сол тұстан. Өзі сары, көзі көк, Бастығының аты поп. Күн шығысқа қарайды, Шашын алмай, тарайды. Құдайды білмес, діні жоқ, Жамандықта міні жоқ. Затсыз, тексіз жөн кәпір, Аузы-басы жүн кәпір, Жаяулап келер жұртыңа, Жағалы шекпен кигізіп, Балды май жағар мұртыңа. Жемқорларға жем беріп, Азды көпке теңгеріп, Ел қамын айтқан жақсыны, Сөйлетпей ұрар ұртына; Бауыздамай ішер қаныңды, Өлтірмей алар жаныңды, Қағазға жазар малыңды, Есепке салар барыңды, / Еліңді алар қолыңнан, Әскер қылар ұлыңнан, Тексізді төрге шығарып...
Бұл Батыста. Ал Шығыста: Шүршіт деген ел бар-ды... Шүршіт келсе, сырықтар, Жылқың жатсын өлеңде. Қойың жатсын шөліңде. Егер шүршіт келмесін, Егер шүршіт келсе бір, Жаһан қоймай қуалап. Алып кетер ғалемді. Шүршіт жатыр Арқада, Барын көлдің басында, Егін салып қасында. Ақылы жоқ сал қазақ, Атын сатты кәпірге. Ылау атын мінген соң, Күнін, түнін бір етіп, Бір күн жетер сол кәпір. Жаушылыққа шығар ол, Елшілікке барар ол, Түрі момын болар ол... Егер шүршіт келсе бір, Қабырғаңды күйретіп, Жон-жұмыңды сөгер ол!...
Осылармен соғысқан Хандардың қадырын білген Бұқар қалай дәл айтқан...
Ендеше,
Ей, айташы, Алланы айт,
Аты жақсы Құдайды айт,
Төрт шадияр Мұстафа,
Мұсқап ашқан ғаламды айт.
Тәңірім салса аузына,
Жан жолдасың иманды айт…

Жұманың алды Бейсенбі құт берсін!
