место в рейтинге
  • 13050
  • 10
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Мұстафа Шоқай: «Мұны көргеннен, өлгенім артық!»

Сіз Мұстафаны білесіз бе?


-Аға, мына Сұлутөбе Мұстафа Шоқайдың туып-өскен жері ғой. Түһ, бірақ неге осыны сезіне алмайды екенбіз. Неге іште бір бұлқыныс, тебіреніс жоқ?,-деп өзіме ренжідім.

-Иә, інім бұл жерді жақсы білемін ғой. Шоқайды білмейтін қазақ жоқ шығар! Мықты кісілер ғой. Мынадай кішкентай ауылдан шығып, Еуропада беделді болу деген...,-деді БМВ автокөлігінің рөлінде отырған жасы отыздар шамасындағы жігіт.

Әңгімеге тағы біреудің араласқанын қалап, байыз таппай, артқы орындықта отырған қызға қарадым да, «сіз Шоқайды білесіз бе?»,-демесім бар емес пе.

-Кого?,-деді, сағызын шайнаң-шайнаң еткізіп әлгі қыз.

-Мұстафа Шоқайды?,-деймін.

-Неа, не знаю,-деді де терезеден сыртқа көз тіккен боп, күйіс қайтаруын жалғастырып әкетті.

Ашуым басыма көтерді. Енді бұл ашу тарамай қойсын! Қайта-қайта айналшықтап жүйкеме тиісе берді. Былай бір, олай бір түртпектеуін доғарар емес. Ыза қысқан сайын, «жүргізуші газды басыңқырап-басыңқырап жіберсе» деп келе жатырмын іштей. Ал, су жаңа көлік онсыз да жылдамдықты жүзден түсірмей жүйткіп келе жатқан болатын.

Оқиға былай басталды

Кентаудан Түркістанға дейін таксимен жетіп қалған мен, Қызылордаға қайтатын автобус таба алмай сандалдым. Әркімнен сұрастырып жүріп, әупірімдеп бір газельге іліктім. Сөйтсем олар «Шиеліге дейін ғана барамыз»,-деді. Жарайды, Аллаһ далада қалдырмас деп мінгесіп алдым. Шиеліден түскен бойым сол еді алдымда «Қызылордаға баратындар бар ма?»,-деп бір жігіт тұр екен. Жолың болды деген осы!

Ал мына шалақазақ қыз жолай мінген болатын. Содан бері үшеуміз трассада зымырап келеміз. Қызылордама жетуге әлі біраз жол бар. Әлгі қыздың «не знаюы»  зығырданымды әлі қайнатып келе жатыр. Ал бірдеңе деуге орысшам жетімсіреп тұрғаны. Ұялтқасын өзі түсінетін тілде батырып-батырып  айтып тастамағасын не керек?

Белгісіз кеткен белгі

Әй, мен өзі Шоқайды қашаннан бері білетін едім? Есіме түсірейінші. Е-е-е, бала кезден екен ғой. Әкем, анам барлығымыз отбасымызбен мейрам сайын орталыққа шығатынбыз. Біздің кент Қызылорданың орталығынан айтарлықтай алыс емес болатын. Сонда да барлық іс-шаралар өз орталығымызда атқарылатын. Тасбөгет деп аталатын сол кентіміздің орталығында екі ғана ескерткіш болды. Бірі Жеңіс күніне арналған мәңгілік алаудың қасындағы «Белгісіз солдат», ал екіншісі әрине «Ленин атай». Лениннің кім болғанын білмейміз, ал екінші ескерткіш онсыз да белгісіз солдат. Тәуелсіздік алған соң көп ұзамай Лениннің ескерткішін кранмен көтеріп алып кетті. Зейнетке шығарып жіберген болуы керек. Оның орнына «Бұл жерге Мұстафа Шоқайдың ескерткіші орнатылатын болады» деген құлпытас секілді бір мрамордан белгі қойылды. Белгі деп босқа аталмаған болуы керек, сол белгіміз он жылдан астам уақыт тұрып, ол да ізім-ғайым жоқ болды. Ленинді құлатқан кент белгінің өзін белгісіз қылып жіберсе, оған таңданудың да қажеті жоқ!

Мұстафа Шоқай деген кім?

Әлгі белгіні орнатқан уақытта әкемнен Шоқай туралы сұрағаным бар еді. Сонда әкем: «Шоқай туралы біз оқыған жоқпыз, тіпті Мағжанды да. Мағжанды «халық жауы» дейтін. Ал Шоқайды кейінірек естідік. «Немістің құйыршығы, сатқын» деп айтады барлығы. Бірақ ол кісі сатқын болмаған. Немістер оның Түркі халықтарын біріктіргісі келген идеясын пайдаланып, өз мақсаттарына пайдаланғысы келген. Кейін мұны білген Мұстафа алданғанын сезіп, қатты өкінген екен»,-деді. Бар айтқаны осы. Ал маған керек дерек біреу ғана. Мұстафаның қазақ үшін істеген жақсылығы бар ма еді? Бар екен! Сонымен ол нендей жақсылық? Ол немістің құйыршығы болды ма, (өкінішке орай қазір қазақ қоғамында Шоқайды осылай атап жүрген кісілер де жоқ емес) әлде қазақ үшін жанын беруге дайын ба еді? Жауапты мына хаттан табасыз:

Мұстафа Шоқай: «Мұны көргеннен, өлгенім артық!»

Немістер соғыстан түсетін тұтқындарының санының көп болатынына бек сеніп, екі миллион адамға арналған лагер құрды. Мұстафаны бұл сан қатты алаңдатты. Осы екі миллион тұтқынның ішінде түркістаншылардың саны қанша болар екен?» деген ой мазалай берді. Ал «Өзге халықтар» бөлімін басқаратын Герхард фон Менде әңгіме арасында Мұстафадан «түркістаншылардың Ислам дініне деген беріктігі мен өзара бірліктері қалай?»,-деп сұрағыштауын қоймады.

Мұстафа болса көреген саясаткерлігін аңғартып, «Мен елімнен жырақ кеткелі жиырма жылдан асты. Сондықтан бүгінгі түркі халықтарының ахуалын сізге нақты суреттеп бере алмаймын. Бұл жиырма жыл ішінде жаңа ұрпақ өсіп шықты. Ал олар Кеңес үкіметінің рухымен тәрбие алғанын білесіз. Мені тез арада тұтқындағы отандастарыммен жүздесуге жіберіңіз. Сол кезде ғана мен сіздің сұрағыңызға жауап бере аламын»,-деді. Мұстафаның мақсаты сатқындық емес еді, ол өз қандастарының жағдайын көзімен көріп, әлдеқандай қолынан келер көмегі болса жәрдемдесуге асықты. Ал Герхардтың сұрағы осы ойға таптырмас сылтау боп өзі сұранып тұрғандай болатын.

Күндер өте берді. Ал Мұстафа түркістандық тұтқындармен кездесуге немістер тарапынан рұқсат күтіп жатты. Ауық-ауық әйеліне хат жолдады. Хаттардың мазмұны әдетте ұқсас болатын: «Берлиндемін. Рұқсат күтіп жатырмын. Уайымдама! Таныстарыммен кездесудің реті жоқ. Барлығының қолдары тимейді. Тек қана мен боспын. Сүйдім! Сенің Мұстафаң!»

Әйтеуір дегенде тамыздың соңғы күні Остминистериумге шақырту алды. Немістердің шешімі бойынша Мұстафаға Польшадағы кеңес тұтқындарын ұстайтын Сувалки қаласында орналасқан лагерге жолдама берілді. Сонсоң алда әлі Ченстохова және Вустрау лагерлерін аралау жоспары тұрған болатын.

Польшаға пойызбен, ал әрі қарай автобуспен жол жүруге тура келді. Мұстафамен бірге жолға шыққандардың ұзын сонар саны елудей болатын. Олардың арасында: Әлихан Хантемір, Ахмет Темір, Осман Қожа-оғлы, Мехмет Эмин Бугра тағысын тағылар болды. Кейбіреулерін Мұстафа Түркияда қызмет еткен жылдардан танитын. Ал енді біреулерімен Берлинде танысқан.

Мария Яковлевна жолдасы концлагерге аттанғалы алғашқы хатты араға үш айдай уақыт салып, қараша айында ғана алды. Онда Мұстафа жарықтық былай жазған екен:

«Қымбаттым, міне біздің комиссия лагерді аралап жүргеніне екі айдай болды. Немістердің екі миллион тұтқынға деп есептеп салған лагерінде қазір үш жарым миллион адам қамауда. Бұл байғұстар менен көмек сұрап, маған ғана үміт артып жүр. Ал мен оларға «көмектесемін» деп уәде бердім. Өзімнің қауқарсыз екенімді білсем де, олардың көңіліне жұбаныш болайын деп, алдарқатып жүрмін. Түркістандықтар саны өте көп. Лагерлер лық толы. Сондықтан қит еткен қателіктері үшін оларды айнзацтоптарға (адам атушылар) айдап жатыр. Кеше отыз бес түркістандықты еврейлер сияқты сүндетке отырғандары үшін атып жібере жаздады. Оларды әупірімдеп құтқарып қалдым. Қазір қараша айы. Күн салқын. Ал тұтқындар жазғы көйлекпен, ал біреулері тіптен жалаңаш жүр. Өздерін салқыннан қалай қоғарын білмей жер қазып, сол орларына тығылуға мәжбүр. Оларға итке тамақ бергендей астарын лақтырып береді. Ал су туралы тіптен айтудың өзі артық. Мен оларға азық қылар бірдеңе берулерін өтіндім. Мұндағылар өлген кісілердің етін, ішкі органдарын жеп жатыр. Мен болсам қол ұшымды бере алмайтынымды ойлап, өзімді іштей жегідей жеп жүрмін. Мұны көргенше өлгенім артық еді. Тіпті мұндағы орыс тұтқындардың өзі түркістандықтарды мазақ етеді. Мен барлық көзбен көргендеріме ашық қарсылық көрсетіп, немістерге хат жолдадым: «Сіздер, немістер, өздеріңізді Еуропадағы ең өркениетті халықпыз деп санайсыздар. Егер мәдениеттеріңіздің сиқы осы болса, өздеріңіз сол тұтқындардың орнында болып көріңіздер. Сіздер дамыған ХХ ғасырда өмір сүре отырып, зұлымдықтарыңызбен ХІІІ ғасырда өмір сүрген Шыңғысханнан да асып түстіңіздер.» Осы хатты ұстатқан неміс офицері маған «Қатты кетіп қалған жоқпысың?»,-деді. Ал мен: «Егер мені осы сөздерім үшін атамын не дарға асамын десеңіз, мен дайынмын. Мұндай «өркениетті» қоғамда өмір сүргенше өлгенім артық»,-дедім. Өзің де түсінетін боларсың мұндай сұмдықты көргенде ұйқы түгілі ас ішудің өзін ойға алу қиын. Оның үстіне күніне лагер аралаймын деп ондаған шақырым жаяу жүремін. Әл-дәрменім таусылды. Мен өз туған жерімнен жырақ жүрген жиырма жыл ішінде қаншалықты рухани әлсірегенімді өзің де білесің. Өлгім келеді! мына қорлықты көргім келмейді! «Өлім» сөзімен хатымды аяқтаймын. Өзіңді күт, жаным! Ал хатты оқып болған соң өртеп жібер. Сүйдім! Сенің Мұстафаң!»

Мұстафа Шоқайдың хатын қазақ тіліне аударған Еркебұлан ЕРЛЕН

     
Еркебұлан Ерлен yerlenyerkebulan
Қазақ. Мұсылман. Инженер.
23 февраля 2014, 11:42
478

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным учителем.
Zhumanova
22 сент. 2017 / 16:26
  • 11000
  • 33
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 4646
  • 12
«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

Мы не такие блатные. Да, нас унижают руководители, возомнившие себя ханами, часто наши права не реализуются в должной мере. И я всегда задавался, почему на самом деле нет нормальных условий и льгот...
WriterKz
23 сент. 2017 / 0:41
Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Наш главный город страны стал избавляться от уже вполне неуместных моветонных клише, которые громоздились над ней, как черное облако над Мордором.
tentser
22 сент. 2017 / 21:04
  • 2254
  • 74
Время забыть безумные траты молодости: навыки, которыми ты должен овладеть к 30 годам

Время забыть безумные траты молодости: навыки, которыми ты должен овладеть к 30 годам

Смысл бюджета в том, чтобы знать, куда ты, блин, потратил бабки. В том, чтобы в конце месяца, ты сел, почитал свои записи и понял, какой ты придурок. И принял уже наконец здравое решение, что куда идет.
Lesch
24 сент. 2017 / 21:03
  • 1780
  • 60
Насколько вероятно стать долларовым миллионером в Казахстане

Насколько вероятно стать долларовым миллионером в Казахстане

Вообще, насколько это достижимо? Не вдаваясь в сложные рассуждения и дательные расчеты и так понятно, что это сложная задача - все-таки около 350 миллионов тенге по текущему курсу.
convoluted
25 сент. 2017 / 14:36
  • 1738
  • 44
Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Парней начали осуждать за поступок в социальных сетях. Популярные группы Кавказа назвали выходку парней дикой, и пояснили, что они позорят нацию и религию.
tala03
20 сент. 2017 / 16:42
  • 1747
  • 53
Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Серию коллажей, показывающую как ракеты КНДР нанесли поражения американским самолетам, продемонстрировали в северокорейских СМИ.
tala03
24 сент. 2017 / 17:58
  • 1566
  • 11
Борьба с засухой: ученые в Китае научились выращивать овощи и растения на песке

Борьба с засухой: ученые в Китае научились выращивать овощи и растения на песке

За полгода под руководством исследователей из Чунцинского университета Цзяотун было засеяно более 200 гектаров засушливой земли автономного района Внутренняя Монголия.
tala03
20 сент. 2017 / 14:10
  • 1384
  • 22