БОКС: Қазақстан боксшылары Өзбекстан құрамасын ойсырата жеңді

Kazsport agent 2014 M02 17
642
0
0
0

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астанада бокстан төрт ел құрама командаларының матчтық кездесулері жалғасуда. Бұл сында биыл Қазақстан, Өзбекстан, Ұлыбритания және Ресей ұлттық құрамалары бақтарын сынап...

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астанада бокстан төрт ел құрама командаларының матчтық кездесулері жалғасуда. Бұл сында биыл Қазақстан, Өзбекстан, Ұлыбритания және Ресей ұлттық құрамалары бақтарын сынап жатыр.

Кеше, 17 ақпан күні бокстан төрт ел матчтық кездесуі аясында Қазақстан құрамасы Өзбекстан боксшыларымен жұдырықтасып, қарсыластарын 7:3 есебімен ойсырата жеңді.

«Жастар» сарайында өткен турнирде ең алдымен Ұлыбритания мен Ресей құрамалары өзара сынға түскен болатын. Бұл сайыста орыс спортшылары қарсыластарынан 3:7 есебімен басым түсті.

Бүгін боксшылар демалады. 19 ақпанда — турнирдің соңғы күнінде Ұлыбритания Өзбекстан құрамасымен қолғап түйістірсе, Қазақстанның гүрзі жұдырық жігіттері Ресей спортшыларымен күш сынасады.

Үлкен танымалдылыққа ие болған жарыс биыл осымен төртiншi жыл өткiзiліп отыр. Турнирге британиялық боксшылар алғаш рет қатысуда. Мұның алдында командалық кездесулерге әр жылдары Әзірбайжан, Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Украина және Франция құрамалары келiп, өзара бақ сынасқан болатын.

Аталмыш матчтық кездесулердің 19 ақпанға дейін жалғасатынын тағы айта кетейік. Бокс сүйер қауым оны «Жастар» сарайында немесе Қазақстанның бокс федерациясының сайтынан онлайн режимде тамашалай алады.

Басты сөздер: СпортАстана
 

Оцените пост

0