• 7554
  • 2
  • 4
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Іскерлік журналистика: не? қайда? қашан?

Стереотипті қалай бұзамыз?

*сурет www.lookatme.ru сайтынан алынды

Журналистика табалдырығын аттаған адам, оның мұзарт шыңына өрлеуді қалап тұрады. Ол – заңды құбылыс. Бірақ, аталған мұзарт – іскерлік журналистика болса ше? Оны бағындыру қаншаудың қолынан келеді және олардың қауқары қаншалықты мықты болмақ? Бұл сұрақтардың тізбектеліп туындайтыны да заңды құбылыс. Себебі, экономикалық фундаменті дұрыс қалыптаспаған қазақстандық журналистиканың бұл сала төңірегіндегі маман даярлау қарқыны әлі күнге жүйесіз құбылыс екеніне көзіміз нақ жетеді. Бірақ мәселе тек жүйесіздікте емес, қалыптасып, қарысып қатып қалған стереотипте болып тұр. Ол нендей стереотип? – Журналистиканың маңын жағалап, оның әлеміне қабылдануды армандайтын қаншама жасөспірім бар делік. Тіпті, сол алып әлемге олар қадам басты делік, бірақ уақыт өте келе, мамандығы олардан салалық бөлінуді талап етеді. Осы тұста журналистиканың саяси, мәдени, әлеуметтік, экологиялық салаларына маманданғандар мен экономикалық тақырыптарда қалам тербейтіндер санының жер мен көктей айырмашылығына тап боламыз. Соңғы санаттағылардың саны алдыңғыларына қарағанда неғұрлым аз. Мұның себебі әлгі стереотиптің ықпалында екенін байқау қиын емес: болашақ журналистердің іскерлік журналистика сынды белгісіз дүние алдындағы қалыпты қорқынышы. Сонымен қатар, бұл сала турасында бағыт берушілердің аздығы да мамандардың аздығына тікелей әсер етеді. Ендеше, «іскерлік журналистика саласының құпиясы неде?», «оны меңгеруде кезігетін қиындықтарды қалай еңсеру қажет?» іспетті сұрақтарға жауап алмас бұрын, журналистиканың сол арнасына молынан тоқталып, тарихына көз жүгіртейік.

Іскерлік журналистика VS Уолл-стрит... - Қандай байланыс?


*сурет www.svoboda.org сайтынан алынды

Іскерлік журналистиканың бастауы нарықтағы айналымы миллиондаған долларды құрайтын, әлемнің қаржылық орталығына айналған «Уолл-стриттің» пайда болған кезеңіне тұспа-тұс келеді. Бүгінде, ол көше негізінің қалану уақытына байланысты даулар көп.

XVII ғасырда Нью-Йорктың солтүстік бөлігінде жергілікті тұрғындар жиналып, ағылшын колонистері мен тұрғылықты американдықтардан қорғану мақсатында ағаш дуал орнатады. 1685 жылы жергілікті халық дуал ортасынан, болашақта Уолл-стрит (Wall Street – Уолл көшесі) аталатын, жол салады. Көп ұзамай көшенің бойында саудагерлер мен көпестер жиналып, акциялар мен облигациялардың (құнды қағаз) сатылымына қатысуды әдетке айналдырады. Бірте-бірте, Уолл-стрит тек Нью-Йорк пен АҚШ-тың ғана емес, бүкіл әлемнің қаржылық эпицентріне айналады. Күні бүгінге дейін адамдардың бір-бірінен «Уолл-стриттен хабар бар ма?», я болмаса «Уолл-стрит қалай болып жатыр?» деп сұрауының бастапқы көше атауына қатысы жоқтығын біреу білсе, біреу білмейді, себебі Уолл-стрит, ол ең алдымен – нарық алаңы.

*сурет territa.ru сайтынан алынды - Уолл-Стрит, 1903 жыл

*сурет territa.ru сайтынан алынды - Уолл-Стрит, 2012 жыл

Ендеше, «нарық алаңы» іскерлік журналистиканың дүниеге келуіне қалай әсеретті?

1882 жылы Чарльз Доу, Эдвард Джонс және Чарльз Бергстрессер есімді бірқатар американдық журналистердің бастамасымен Уолл-стриттің инвестициялық компанияларына жаңалық жеткізу қызметі ұйымдастырылған болатын. 1884 жылы болса, Чарльз Доу мемлекеттегі он бір ірі компанияның бағаларының өзгеру тенденциясын зерттеп, нарықтың жалпы жағдайының орташа көрсеткішін жіктеп шығара бастады. Соның арқасында, жасалған сараптамасы арқылы бүкіл қор нарығына көз жүгіртуге ыңғайлы мүмкіндік беретін «Доу-Джонс индексі» деген ұғым пайда болды.

1889 жылы бұған дейін «Customers' Afternoon Letter» деп аталған биржалық есептеме журналы «The Wall Street Journal» іскерлік газетіне айналды. Қаржылық есепті жариялайтын күнделікті мерзімді басылым нарықтың адамдары үшін табылған олжаға айналды [1].

Іскерлік журналистиканың негізі, көріп отырғанымыздай, ХІХ ғасырда қаланғанымен, тарихта алғашқы іскер журналист атағы ХХ ғасырдың тумасы Аида Тарбеллге беріліпті. 1904 жылы оның мұнай алыбы «Standard Oil» компаниясы жайлы мақалалары жинақталып, «Стандард ойл компани тарихы» атты жеке кітапқа басылып шығады. Сол заматта «Standard Oil» туралы ақпараттарға қол жеткізе алатындардың саны шектеулі болғанын ескерсек, жеңіл тілмен жазылған жаңа жанрдағы бұл кітап, журналистиканың ең биік жетістігіне айналды. Тіпті, сол кездегі ең беделді журналдардың бірі бұл туындыны «мемлекетімізде бұрын-соңды жазылмаған керемет дүние» деп тұрып бағалаған екен [2,31].

Тарихқа үңіле отырып, іскерлік журналистиканың түп-төркініне көз жеткіздік. ХІХ ғасырда пайда болған бұл сала тек өткен ғасырдың 90-шы жылдарында ғана ауқымды масштабта дами бастады. Мәселен, Ресей үшін іскерлік журналистика толығымен таңсық болмағанымен, іскерлік басылымдар тек сол жылдарда жарық көре бастады. Ал Қазақстанға жоғарыда айтылған даму көрсеткіші тікелей қатысты деп айта алмаймыз. Себебі 90-жылдар Қазақ елінің тәуелсіздік алып, экономикасы әлі қалыптасып үлгермеген  уағы. Демек, іскерлік журналистика да әлі біраз ақсап тұрған кез. Тек, іскерлік журналистика ғана емес, соңғы жиырма жылда жалпы салалық журналистика дамуын бірақ кешеуілдетті. Бірақ, аталмыш саладағы журналистердің аз екеніне қарамастан, қазір Қазақстан үшін іскерлік журналистика жанрында қозғайтын мәселесі көп заман дәуірлеп тұр. Мәселен, теңге құны, жасыл экономика, әлемдік дағдарыс, G-Global жобасы және т.б. Тақырып та «табыла берем, тек жазсаң болғаны» деп жалынып тұрғанға ұқсайды. Бірақ, тақырып көп болған сайын, салиқалы ойларға толы, мазмұнды дүниелерге сұраныс артады. Ол дегеніміз, іскерлік журналистика дамуының бірден-бір жолы сараптамалық пайымдаудан өткен дүниелерде болмақ.

Business-journalism of "Kazakh Yeli"

Сегіз жылдық еңбек өтілі бар журналист Татьяна Кудрявцева өзіңің шеберлік сабақтарының бірінде «Аналитика мен журналистика үйлесімді» деп, сараптамадағы журналистиканың қызметін атап көрсеткен болатын. Демек, іскерлік журналистика да, журналистиканың бір өскіні бола отырып, сараптамалық жанрмен үйлесімділік табуы керек. Себебі, іскерлік журналистика сынды даму үстіндегі салаға аудитория тек сараланып, сарапталып жасалған дүниелер арқылы ғана сенім білдіреді. Оның үстіне, осы ретте біз шетелдік әріптестерден де үйренеріміз бір төбе. Олардың қай мәселеге болмасын бар ынтасымен кірісуі, сол мәселе төңірегіндегі көлеңкелі тұстарды терең зерттеуі, объективті сараптама жасай білуі, қолындағы дүниесін аудиториясына ұсыну тәсілі – бәрі де сапаның биік деңгейін айқындайды.

Бізде сараптамалық жанрға ден қою енді ғана қарқын ала бастады. Бұл жөнінде «Жас қазақтың» экономика және талдау бөлімінің редакторы Гүлзат Нұрмолдақызы «Экономика саласына қалам тербеп жүрген әріптестерім­нің ішінде экономикалық сараптама жасауға де­йін көтерілген журналистер шамалы болса да қалыптасқанын қуана отырып тілге тиек ете­мін» деп айтқан еді. Қазақ экономикалық журналистика майталманы аталған Гүлзат Нұрмолдақызынан бөлек, елімізде экономикалық тақырыптарды қаузайтын Алма Мұхамеджанова, Берік Тұрғынбекұлы, Гүлнәр Ахметова, Анар Қуанышбекова сынды бетке ұстар журналистеріміздің бар екенін айтып өту керек. Сонымен қатар, Қазақстанның белгілі бизнес журналисі атанған Бақытжан Жұмалиева да іскерлік журналистиканың өркендеуіне таптырмас үлесін тигізуде. Ол, өз кезегінде журналистердің экономика саласындағы білімі мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында өзінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, медиа-тренингтер өткізіп тұрады.

Төлеген Асқаровтың басшылығындағы "BizMedia" Іскер журналистер орталығы да экономика саласындағы журналистік игі бастамалардың қайнар көзі болып, салалық дамуға белсенді қатынасып отыр. Қоғамдық бастамалардың негізінде құрылған, табысы жоқ, коммерциялық емес бұл ұйым іскер бұқаралық ақпарат құралдары үшін практикалық дағдылары жетілген, білім деңгейі жоғары кадрлар дайындаумен айналысады.

Жалпы, іскерлік журналистика – журналистердің қаржы мен бизнеске тікелей қатысты ақпараттарды іздеп, жинап, жазып, талдап, жариялайтын кәсіби жанры. Сол жарияланымдар арқылы билік өкілдері мен іскерлік орталар өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алады[3].

Яғни, БАҚ пен билік арасында экономикалық ақпараттық көпір құрылуы керек. Осы себептен де Елбасымыз 2007 жылы «ҚР халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың бағдарламасын» қабылдады. Ондағы мақсат – бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қаржы саласының қыр-сырын түсіндіріп, қор нарығында болып жатқан өзгерістерді кеңінен насихаттау.

Сол мақсаттың аясында 2013 жылы мемлекет басшысының тапсырмасымен әлеуметтік-экономикалық тақырыптағы арнайы журналистер пулы да құрылды.  Осы сынды жедел даму үдерістерінің барлығы еліміз үшін дәл іскер журналистердің қажеттілік дәрежесін көрсетеді.

Халықтың экономикалық сауатсыздығымен күресу мақсатында ағымдағы жылдың бесінші ақпанында «Іскерлік журналистика» клубы ашылған болатын. Клубтың мүшелері – он бес студент-журналист алдағы уақыт барысында экономика тақырыбында қалам тербеуді үйренетін болады.

«Каспий-Банк» АҚ-ның БАҚ-пен жұмыс басқармасының бас маманы Ербол Азанбектың бұл бастамасы «Financial Times» газетінің бұрынғы редакторы Ричард Ламберттің кезіндегі батыл қадамын еріксіз еске түсіреді. Жеке журналистік қызметімен қатар, ол шәкірт тәрбиелеуге де аса үлкен мән берген еді. Дәлірек айтқанда, экономика, бизнес, қаржы және маркетинг салаларына бейімделген журналистерді дайындап шығаратын мектеп ашты. Іскерлік журналистика төңірегінде атқарған еңбегінің арқасында ол жоғарыда айтылған Аида Тарбеллдің ізін жалғастырушы ретінде танылды.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Экономика өмір табалдырығын аттаған күнімізден бастап-ақ, өміріміздің ажырамас бөлігіне айналады. Ол, тура бір ластанған атмосфера іспетті, бізді жан-жағымыздан қаумалаған. Сондықтан, оның торына түсіп қалмас үшін де біз оны меңгеру керекпіз!

«Ұсыныс сұранысқа тәуелді. Сұраныс бағаға тәуелді. Баға тауар санына тәуелді. Сан сапаға тәуелді. Осының барлығына әсер ететін әлі қаншама алуан фактор бар. Экономист, сарапшы, бизнесмен болғың келсе, сен осының барлығын білуің міндетті» деп, ағымдағы маусымның ең даулы да ең бюджетті фильмі «Волк с Уолл-стрит» те экономиканы насихаттайды. Анайылыққа толы үш сағаттық фильм, десе де, экономика-бизнес-қаржы тақырыптарында түсірілген жауһар туынды десек, қателеспейміз.

*сурет www.fanaru.com сайтынан алынды

«Қазір іскер журналистиканың жедел дамыған кезеңі. Біз іскер журналистиканың ауқымы кеңейгенін, тақырыбының тереңдетілгенін және маңызды әлемдік мәселелер жөнінде журналистердің ашық тілдесе алатынын аңғардық. Сонымен қатар, қаржы дағдарысы іскерлік журналистиканы сапалы өсуге итермелейтініне көзіміз жетті. Сапалық қарым-қатынаста бізде іскерлік журналистика бар, енді ол сапалы қарым-қатынаста өсіп дамиды» деп жауап беріпті «Bizmedia» іскер орталығына берген сұхбатында академик Сағымбай Қозыбаев [4].

Расында да, адам қалаған нәрсесіне анық қажеттілік туындаған кезінде ғана талпынады. Бұл ғылыми дәлелденген нәрсе. Ауаның қажеттілігі тұншыққанда пайда болатыны сияқты экономикалық сауатты болу қажеттілігі қаржы дағдарысында туындауы – заңды құбылыс.

Коммуналдық төлемдер, достармен сенбілік кездесу дәстүрі, кешкісін жұмыстан келе жатып, дүкенге кіре кету, несие, ипотека, салық, зейнетақы қоры, т.б.. - «айта берсең, тізіле берем» деп тұр. Өмір бірыңғай экономикадан тұратынына басқа нендей дәлел керек?! Әмиянымыздағы ақшаның қайда кетіп жатқанын білмей әлек болатынымыз да экономикаға деген тәуелділіктің әсері емес пе?! Сондықтан да, экономикалық сауатты адам – қолында қаруы бар адаммен тең. Қаржылық дағдарыс, девальвация іспетті өмірдің кенеттен ұсынатын ұнамсыз тосын сыйларына қарсы қару, қашан да экономика болмағын түсінетін уақыт жетті.  Халықтың қолына ол қаруды нық ұстататын топ – іскер журналистер болмағы да соншалық айқын нәрсе. Қарумен қолдану нұсқауын өзгеге бермес бұрын, өзің дұрыс меңгеруің керек сияқты, экономиканы өзгеге үйретпес бұрын, өзің жақсылап иемденуің қажет.

 

*сурет 900igr.net сайтынан алынды

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. www.bull-n-bear.ru

2. Ергин Дэниел «Добыча» (231 б.)

3. ru.wikipedia.org

4. kaz.bizmedia.kz

*Материал мазмұнын қолдану барысында сілтеме беріңіз! Олай етілмеген жағдайда, іс-әрекет "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" заңмен қудаланады.

26 февраля 2014, 1:00
2022

Loading...

Комментарии

Kurtka
1
0
Зерттеу, ізденіс бар. Тіл шеберлігі де тамаша. Іскерлік журналистиканың әлеміндегі алғашқы жазбаңның табысымен құттықтаймын, әріптес!

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 марта 2017 / 18:28
  • 21246
  • 60
Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Концерт Рианны всё-таки состоится летом в рамках культурно-зрелищных и спортивных мероприятий ЭКСПО-2017. Рианна крута, с этим никто не спорит. Но соберёт ли «Астана Арена» 30 тысяч зрителей при...
openqazaqstan
вчера / 14:29
  • 13047
  • 15
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 марта 2017 / 14:20
  • 5214
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 марта 2017 / 9:25
  • 5282
  • 20
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 марта 2017 / 11:26
  • 4808
  • 39
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 марта 2017 / 18:42
  • 4921
  • 34
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 марта 2017 / 17:50
  • 3876
  • 14
Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Я не "Свидетель Иеговы". Мне приходилось защищать в судах и кришнаитов и коммунистов, хотя я и не разделяю их убеждений. Я защищаю свободу совести. Сегодня "Свидетели Иеговы", завтра,- каждый из вас.
nasreddin
25 марта 2017 / 17:18
  • 4060
  • 49
Страна обыденной роскоши: Ташкент-Самарканд-Бухара

Страна обыденной роскоши: Ташкент-Самарканд-Бухара

Узбекистан - это страна, где роскошь стала обыденностью. Это и повсеместный зелёный крупнолистовой чай. И вкусная натуральная еда с минимумом специй. И то, что дети играют среди исторических памятников.
MadinaR
25 марта 2017 / 10:37
  • 3289
  • 59