место в рейтинге
  • 67277
  • 0
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ұлт тағдырынан туған туындылар

Егемен Қазақстан, 25.01.2014

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 8 кітапты жарыққа шығарды

Біз осыған дейін де шетелдердегі қандастарымыздың шекара асып келген шығармалары атажұртта кезегімен кітап болып басылып жүргендігі туралы талай қалам тербегенбіз. Бұл күнде барша қазақтың басын бір жерге тоғыстыруда тынбай тірлік атқарып келе жатқан қауымдастықтың кітапханасы қомақтыланып келеді.

Сонымен сәрсенбінің сәтінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы тұсауын кескен туындылар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көріп отыр.

«Атажұрт» баспа орталығынан жарыққа шыққан кітаптардың тұсаукесер рәсіміне кітап авторлары мен елдегі зиялы қауымның көрнекті өкілдері қатысып, біткен іске баяндылық тілеп, пікірлерін ортаға салды.

Жыл сайын жүзеге асырылатын дәстүрлі шарада алыс-жақын шетелдердегі қазақтардың поэзия, проза жанрындағы көркем шығармалары мен әр елдегі қазақтардың тарихы туралы ғылыми-танымдық сипаттағы тарихи зерттеулер шығарылады.

Биыл да қауымдастық бұл игі дәстүрден жаңылмай, «Шетелдегі қазақтар» сериясымен Қытай мен Моңғолия қазақтарының әдеби жинақтарын және Моңғолия мен Ресей қазақтары туралы жаңа кітаптарды жарыққа шығарып отыр.

Бұл шығармалардың бірқатары қалың қазақ назарына алғаш рет ұсынылып отыр. Шетелдегі қазақтар арасында есімдері біршама әйгілі бұл азаматтардың кейбірі өздері тұрып жатқан мемлекеттердің құзырлы органдары тарапынан мойындалып, шығармалары білім беру бағдарламаларындағы оқулықтарға да енгізілген көрінеді.

Соның бірі – Қаусылхан Қозыбайұлы. Әртүрлі жанрда қалам тербеген оның «Ісләмнің құрдасы» атты әңгімесі және «Шағылған төсек» атты пьесасы Қытайдағы қазақ мектептерінің әдебиет пәні оқулықтарына кірген.

Қаламгердің таңдамалы шығармалар жинағы Меллат Рәметтің құрастыруымен шығарылып отыр. Онда жоғарыда аталған 2 туындысынан бөлек, «Жаңа жайлау» повесі мен 6 әңгімесі, 1 пьесасы және 30-ға жуық өлеңдері топтастырылған.

Ал Ботагөз Уатқанның «Атажұртқа жеткен көш» кітабында ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында Моңғолияда атажұртқа бет алған алғашқы көш сөз болады. Жалпы, 20 жылдан астам уақыттың ішінде бұл елден 100 мыңдай қазақ елге оралған болатын.

Бұдан бөлек Арғынбай Жұмажанұлының «Балапан қаз», Арғынбек Апашбайұлының «Жыр-ғұмыр» өлеңдер жинақтары, Абданбай Бажаевтың «Күн өз кеудеңнен туады» және Өнерхан Өгізбайұлының «Тағдыр талқысында» повестер мен әңгімелер жинақтары шығып отыр.

Сондай-ақ, Моңғол қазақтарының азапқа толы көші туралы Сұлтан Тәукейдің «Арыстардың арманы» деректі романы мен Серікқали Байменшенің Ресей қазақтары туралы «Дәнекер» эссе-әңгімелер кітабы бар.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

 
МК РК Mki_gov
27 января 2014, 11:37
160

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 32942
  • 194
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 15361
  • 3
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 16701
  • 372
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 12202
  • 3
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 11939
  • 59
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 8351
  • 57
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 7686
  • 87
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
21 нояб. 2017 / 18:36
«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

Жизнь в Алматы не всегда сладкая, как сахарная вата и мультики субботним утром. В этой ироничной статье автор блога «Almaty — My First Love» расскажет о семи причинах не любить Алматы.
AlmatyMyLove
20 нояб. 2017 / 13:12
  • 2554
  • 70