Батысқазақстандық бір топ мәдениет қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табыс етілді

МК РК 2014 M01 8
215
0
0
0

ҚазАқпарат, 06.01.2013 Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бір топ мәдениет қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерін табыс етті. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда...

ҚазАқпарат, 06.01.2013

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бір топ мәдениет қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерін табыс етті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мәдениет және өнер саласындағы елеулі еңбегі үшін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртістері Камалиден Айтбаев пен Владимир Баяндин, Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сайран Дүйсентегі, облыстық қазақ драма театрының әртісі Теміржан Матаев, осы театрдың суретшісі Қайыр Оразғалиев, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Мәдениет және өнер» факультетінің деканы Меңдіғаным Мергенбаева ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің аталмыш наградасымен марапатталған болатын. Сонымен қатар мәдениет саласында ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан Мақсот Омарғалиев облыс әкімінің алғысхатына ие болды.

Елжан Ералы

Оцените пост

0