Лицензияланбаған өнім адам өміріне қауіпті (ФОТО)

dvd_sko 2013 M12 26
294
0
0
0

Петропавлдық полицейлер Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жарылғыш өнімдердің жүзеге асырылуына бақылау жөніндегі жұмыстарын күшейтті. 19 желтоқсаннан жанғыш және жарылғыш өнімдердің жүзеге асырылу...

Петропавлдық полицейлер Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жарылғыш өнімдердің жүзеге асырылуына бақылау жөніндегі жұмыстарын күшейтті.

19 желтоқсаннан жанғыш және жарылғыш өнімдердің жүзеге асырылу нүктелері бойынша облыс көлемінде бастау алған, тәртіп сақшылары рейдтерінің басты мақсаты – солтүстікқазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тәжірибенің көрсетуі бойынша, пиротехниканы дұрыс пайдаланбау нәтижесінен балалармен қоса үлкендер де түрлі ауыр жарақаттарға шалдығады. Әсіресе, лицензияланбаған өнімдерден төнетін қауіп басым. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жарылғыш заттарды тек қана лицензиясы бар, арнайы дүкендерден сатып алуды жөн санайды. Рейд шаралары барысында ІІБ лицензиялау-рұқсат ету жүйесі бөлімшесінің қызметкерлері, жарылғыш өнімдерді сақтау ережелері мен оларды сатуға тиісті сертификаттардың бар-жоғын тексерді.

Заңсыз жарылғыш тауар сатқандарға әкімшілік жауапкершілік туралы ҚР Кодексінің  162 бабы бойынша «Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау» бірқатар әкімшілік хаттамалары толтырылды. Осы бап бойынша қарастырылған айып мөлшері 20 айлық есептік көрсеткішке дейін тіреледі.

«Жалпы, заңсыз пиротехниканың жүзеге асыруды анықтауға бағытталған мақсатты шаралар барысында, облыстық тәртіп сақшылары 59 сауда нүктесін тексерді. Лицензиясы жоқ жарылғыш өнімдердің 445 данасы мен 4 қорабы тәркіленді. Мұндай рейдтер жаңа жыл мейрамынан кейін де жалғасын таппақ»-деп, хабарлады Петропавл қ. ІІБ лицензиялау-рұқсат ету жүйесі бөлімше бастығының м.а., полиция майоры Ринат Бағаутдинов.

Ерлан Махметов,

СҚО ІІД баспасөз қызметі

Оцените пост

0