Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы 10 елде тұратын қазақтардың басын қосып отыр

Майгүл СҰЛТАН 2013 M11 18
467
0
0
0

АСТАНА. 30 қазан. BAQ.KZ – Еуропа елдерінде тұратын қандастарымыздың басын қосатын Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы бұл күнде өз жұмысын нәтижелі атқарып келе жатыр. Еуропа қазақ қоғамдары...

АСТАНА. 30 қазан. BAQ.KZ – Еуропа елдерінде тұратын қандастарымыздың басын қосатын Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы бұл күнде өз жұмысын нәтижелі атқарып келе жатыр.

Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы Германия, Франция, Швеция, Австрия, Британия, Норвегия, Дания, Голландия және Швейцария сияқты елдерде тұратын қазақтардың басын қосатын ұйым. 
Еуропа елдерінде тұратын қазақтар екі топтан құралады. Олардың басым көпшілігі 1930-1950 жылдары Қытай әкімшілігіне қарсы көтерілістері сәтсіздікке ұшыраған соң Үндістан және Пәкістан арқылы Түркияға келіп жеткен, сол арқылы 1960 жылдарға келгенде Еуропа елдеріне қоныс тепкен қазақтардың ұрпақтары құрайды. Бұндағы қазақтардың екінші бөлігі болса, 1920 жылдың соңы Қазақстанда жүргізілген кеңестендіру саясаты салдарынан елден кетіп Ауғаныстанға, Иранға қоныс аударған қазақтардың үрім бұтақтары. 
Өздері тұрып жатқан Еуропа елдерінде әлеуметтік, мәдени құндылықтардың сақталуын және қоғамдық қарым-қатынастың нығаюын қамтамасыз ету үшін қандастарымыз қоғамдық ұйымдар құра бастады. 1980 жылы тұңғыш рет Германияда осы ұйымдардың басын қосқан бір шаңырақ құру қамы жасала бастады. 2008 жылдың 10 мамыры күні Еуропа қазақтарының басын қосып келген үйлестіру кеңесі Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы болып құрылып, оның төрағалығына Абдулқаюм Кесижи тағайындалды. 
Осы жылдың 19 шілдесі күні Германияның Мюнхен қаласында тұңғыш жиналыс ұйымдастырылды. Онда Еуропа елдерінің қоғамдық ұйымдарға қатысты заңдарына сәйкес федерацияның алғашқы жарғысы қаралды. Федерация жарғысы 2008 жылы 17-19 қазанда Швецияның Вестерос қаласында өткен Еуропа қазақтарының екінші кіші құрылтайында қабылданды. 
Содан бері федерация тарапынан жыл сайын Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтіп отыратын дәстүр де қалыптасып үлгерді. Қазірге дейін Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы жоғарыдағы елдерде 23 мәрте өткізілді.

 

Майгүл СҰЛТАН

BAQ.KZ

 

Оцените пост

0
Дальше