Yvision.kzYvision.kz
kk
Екпiн
Екпiн
Екпiн
431 постов3 подписчика
Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.
7
23:41, 28 октября 2013

Видеолекция: «Дала уалаятының газеті»

Бүгінгі лекциямыз қазақ журналистикасының тарихына қатысты тақырыпты қамтиды: «Дала уалаяты газетінің» тарихы.

Лектор: Мейрамхан Жәпек (журналист, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы веб-ресурстар бөлімінің жетекшісі).

Тақырып бойынша лекторға сұрақ қоюға болады.

Лекцияның бірінші бөлімі.

Қосымша ақпарат

1888 – 1902 ж.ж. Омбы қаласында жарық көрді. Басында «Акмолинские ведомости» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрды. Редакторлары: Козлов, Михайлов, Абаза, Попов, Лавров, Аблайханов, Сұлтанғазин, Дүйсембаев.

Blog post image

Газетте ақпараттық материалдарымен (Стамбұлдағы Айя-София мешіті туралы, Баян ауылдан, Ғылым хабарлары, т.б.) қоса публицистикалық, көркем-әдеби туындылар да жарияланды. Аңыз, хикаялар, жұмбақ, мақал, өлең, ертегілер көптеп кездеседі. Мысалы, араб елінің «1001 түннің хикаясы» ертегісі, Жиренше шешен, Үш дос, Рас һәм қисық, Толағай һәм бөрі тастаған таулар турасынан т.б.

Дала уалаятының газетінде бүгінгі кітаптарға жазылатын аннотацияға ұқсас материалдар да аз емес. Мысалы, «Бір жаңа кітап турасынан», «Басылып шыққан кітаптар туралы», «Жаңа кітаптар», «Қазақтарға пайдалы кітаптар».

7
2794
9