Елбасы әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірушілерге погондар табыс етті

МО РК 2013 M07 5
672
0
0
0

Бүгін Астанада «Атамекен» мемориалының жанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміз әскери жоғары оқу орындарын бітірушілерге лейтенант погондарын табыс етті. Бұл іс-шара...

Бүгін Астанада «Атамекен» мемориалының жанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміз әскери жоғары оқу орындарын бітірушілерге лейтенант погондарын табыс етті. Бұл іс-шара Астананың 15 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр.

Әскери жоғары оқу орындарының түлектері Құрлық әскерлерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты, ҚР ІІМ Ішкі әскерлері әскери институты, ҚР ҰҚК әскери институты, ҚР ТЖМ техникалық институты сияқты Қазақстанның түрлі әскери оқу орындарынан келіп отыр.

Ұсынылған үздіктердің төртеуі Қорғаныс министрлігінің институттарында білім алған: Құрлық әскерлері әскери институтын бітіруші Ілияс Мұхамадиев және Марат Сапарғалиев, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының курсанттары Владимир Иванченко мен Серік Божғұлов. Олардың барлығының үздік дипломдар алып, өз оқу орындарының Құрмет тақталарына есімдері енгізілген.

Жас офицерлерді ересек өмірге және офицерлік мансап жолына қадам басуымен құттықтаған Қазақстан Президенті оларды Қазақстан армиясының офицері деген жоғары атақты абыроймен алып жүруге және лайықты Отан қорғаушы болуға шақырды.

– Бұл сәт ешқашан ұмытылмайды және біз үшін әрі қарай қызмет етуге түрткі ынта берері анық, - деді Қрлық әскерлері әскери институтының түлегі Мұхамадиев Ілияс. – Бізге берген білімі үшін институтымыздың оқытушы- профессорлық құрамына ризашылығымызды білдіреміз. Біз Президент қолынан лейтенант погонын алу құрметіне лайық болып, Отанымызды қорғау жөнінде көрсетілген сенімді ақтаймыз деп уәде береміз.

Астана күні қарсаңында әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне осылайша құрмет көрсету 2009 жылдан бері қалыптасты. Сол жылы Президент қолынан алғаш рет лейтенант погондарын алу құрметіне Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының төрт түлегі; Әсет Сапарғалиев, Аслан Ұғышов, Дмитрий Фомин және Нұржан Сағындықовтар ие болған еді.

Қазіргі уақытта бұл офицерлер Қорғаныс министрлігінің түрлі құрылымдарында аға лейтенант атағында рота командирі, бөлімше бастықтары лауазымдарында табысты қызмет етіп, армиямыздың қорғаныс қабілетін нығайтуға өз үлестерін қосып келеді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 

Оцените пост

0
Дальше