Астананың Астаналық әскерилер ардагерін ардақтады

МО РК 2013 M07 2
221
0
0
0

15 жылдық мерейтойы қарсаңында Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде ардагерлер ұйымдарының өкілдері мен департамент жеке құрамы қатысқан дөңгелек үстел өткізілді. Оған Ұлы Отан...

15 жылдық мерейтойы қарсаңында Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде ардагерлер ұйымдарының өкілдері мен департамент жеке құрамы қатысқан дөңгелек үстел өткізілді.

Оған Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Афанасьевич Куликов арнайы шақырылды. Аталған игі шараның  мақсаты әлеуметтік-құқықтық оң ахуалдың қалыптасуына ықпал ету, осындай айтулы мереке күндері ардагерлерді ұмытпай, жастарға қарттардың жауынгерлік ерліктерін насихаттау. Жастарды  Отансүйгіштікке, антқа адал болуға тәрбиелеу.

Іс-шара еліміздің әнұранымен ашылып, әскери-патриоттық тұрғыдан тәлім-тәрбиесі мол рухани құндылықтар туралы әңгімі өрбіді, Астана туралы бейнеролик көрсетіліп, альбомдар таратылды.

Одан әрі Михаил Афанасьевич Куликов Ақмола облысы құрылған сәттен бастап осы уақытқа дейінгі кезеңдегі Астана тарихын әңгімеледі, Ақмола облысынан майданға аттанған азаматтар туралы, олардың ерліктері туралы мол ақпарат берді. Жеке құрамды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өмірінің естеліктерінен сыр шертті.

Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Бақтияр Пернебеков дөңгелек үстелге қатысқан қонақтарға «Астана» кітабын табыс етті.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше