ҚР Қорғаныс министрлігі: Астанада әскери қызметшілер арасында дзюдодан әлем чемпионаты басталды

Kazsport agent 2013 M07 2
139
0
0
0

  Кеше Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әділбек Жақсыбековтің қатысуымен әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан 35-әлем чемпионатының салтанатты...

 

Кеше Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әділбек Жақсыбековтің қатысуымен әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан 35-әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі болды. Қорғаныс ведомствосының басшысы қатысушыларды жарыстың басталуымен құттықтап, дүниежүзінен жиналған дзюдошыларға сәттілік пен табыс тіледі.

Ашылу салтанатында арнайы келген дүниежүзілік армия спорты кеңесі дзюдо спорты комитетінің төрағасы Фред Синхорст жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, қабылдаушы қазақстандық тарапқа алғысын білдірді.

Әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар арасында Бразилия, Беларусь, Қытай Халық Республикасы, Польша, Эстония, Италия, Франция, Германия, Моңғолия, Корей Халық Демократиялық Республикасы, Ирак, Словакия, Алжир, және т.б. мемлекеттерден әлем чемпионаттары мен олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Осы әлемдік додаға 28 мемлекет қарулы күштерінің спортшылары қатысуда. Бүгінгі белдесулер құрама командалардың бес балуанынан тұратын командалық сайыстармен жалғасуда. Түрлі салмақ дәрежелері бойынша жеке сайыстар келесі жарыс күндері өтеді.


 

Оцените пост

0