2013 жылдың 25 сәуір күні Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығымен бірлесіп «Қазақстан — ортақ үйіміз» атты халықаралық конференция өткізеді.

АДР РК 2013 M04 23
384
0
0
0

Конференция жұмысына отандық және шетелдік діни бірлестіктердің басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік Хатшылықтары, дипломатиялық корпус, мемлекеттік органдар, ғылыми қауымдастық...

Конференция жұмысына отандық және шетелдік діни бірлестіктердің басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік Хатшылықтары, дипломатиялық корпус, мемлекеттік органдар, ғылыми қауымдастық, этномәдени орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысатын болады.

Іс-шараның мақсаты - Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастарды қарастырып талқылау, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік, мәдени және рухани өміріндегі діни бірлестіктердің орны мен рөлін зерделеп, дәстүрлі діндер лидерлерінің қоғамдық ілгерішілік пен тұрақтылық, конфессияаралық татулықты сақтау мен дамытуға қосып жатқан үлесін салмақтап пайымдау.

Конференция Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырылмақ.

 

Оцените пост

0