• 8595
  • 77
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Емтихан омақа асырды: Коловқа қойылған «екілік»

Саяси сайтан болғыңыз келе ме? Қиын шаруа емес секілді. Алаяқ Әбілазовтың өз қолымен ашып жатқан шынайы бет-бейнесі кімді де селт еткізетіндей жиренішті, адам көргісіз албасты бейне екеніне күн өткен сайын көз жете түсуде.

Қолдан жасап, қашықтан ойнатып отырған «Алға» атты алапес партиясының қатарындағы саны да саусақпен санарлық қуыршақ саясаткерлерін қолындағы картасындай қанша сапырғанмен онысынан дені дұрыс бір көзір шығар емес. Әбілазовтың талай мәрте сотты болған қауіпті қылмыскер, бірде бар, бірде жоқ есі де кіресілі-шығасылы, моральдық тұрғыдан сасыған жемтікке айналған  Игорь Коловты «Алғаның» аймақтық үйлестірушісі етіп тағайындағанын «сасқан үйректің артымен сүңгігені» демеске лаж жоқ.

Қол астындағы қуыршақтарының жүйке жүйесінің шыдамдылығын тексергісі келе ме, әлде біржола жынды қылып шығарғанды жөн көргені ме екен, әйтеуір Әбілазов оларға «керемет қабілетті», «біртуар» басшы тауып беріп, тағайындауға шебер-ақ. Бір жағынан бұл шешімдер онсыз да санаулы ғана адамнан тұратын партияның құрамында орталарынан шығып, басшы бола қоятындай ешкімнің жоқтығын, Алғаның «бір қызынан бір қызы сорақы» екенін көрсетеді.

Екіншіден, шетелде шалжиып жатқан алаяқ-қожайын үшін партияның басында кім тұрғаны титтей де маңызды еместігін дәлелдейді. Ең бастысы, кім болса да бірнеше адамның басын қосып, көрінген жерде шуылдап-шұрқырап, елдің назарын аударса, «К+» атты ертегі арнаның эфирін толтырса болғаны.

Дегенмен, Коловтың қолына тізгін беру соттың бәрінен қашып, ешқайда сыймай жүрген «сормаңдайдың» миына қалай келгені белгісіз «ғұлама» шешім болғаны айдан анық.

Себебі, Колов – сонау сексенінші жылдардың басынан бастап талай мәрте сотты болған, болғанда да өзге түгілі кәнігі қылмыскерлердің өзінің жиіркенішін туғызатын «сорлы» істерге қатысы болған адам. Осы жолы қолынан келгенше алыстағы алаяқ патшасының көңілін аулап, көзге түсіп қалмаса тіпті ұры-қарылардың көшіне ілесуге де шансы жоқ екенін жақсы білетін ол барынша билеп бағары сөзсіз. Коловтың тағдыры талайды бастан кешкенін көрсетеді, бірақ, ол мүсіркеуге тұратын адам емес. Мұндай бұралқыларды қоғамнан аластап, аулақтау ұстау керек. Дәлел ретінде артық-ауыс ештеңе қоспай-ақ, тек соңғы 30 жылдағы мұрағаттардан табылған сот шешімдерінің бірқатарына тоқталсақ жеткілікті.

 

Бірінші іс – балаларға шабуыл

 

1982-жылдың қазан айында Колов Рудный қалалық сотының шешімімен ҚазССР Қылмыстық кодексінің 200-бабы, 2-тармағы бойынша (бұзақылық) екі жарым жылға бас бостандығынан айырылып, жалпы режимді түзету колониясына жіберілді.

Бәрі баяғы ащы судың кесірінен басталған-тын, 1982-жылдың 9-маусымында Колов көкем ащы суға тойып алып, Рудный қаласы, Ленин көшесіндегі 157-үйдің ауласында алаңсыз томпаңдап ойнап жүрген кішкентай балаларға қоқан-лоқы жасаған. Үлкен пышақ алып шығып, жас балаларды бауыздаймын деп қорқытқан. Құдай сақтағанда, оның балаларға пышақ бұлғақтатып, балағаттап тұрғанын сол маңнан кездейсоқ өтіп бара жатқан тұрғындар – Кравченко мен Верховов көріп қалады. Колов «қойыңыз» деп басу айтпақ болған екі тұрғынға қарай тұра жүгірмегенде аулада ойнап жүрген жас балалардың өмірі не болары бір жаратқанға аян. Әйтеуір балалардың періштесі қақты ма, құдай сақтады. Өздеріне пышақ ала жүгірген Коловтың қолындағы қаруын әлгі екеу жұлып алады. Бірақ, бұл да оңай шағылатын жаңғақ болмағанға ұқсайды, Кравченконы қан-жоса қылып сабап, Верхововқа ұмтылады. Сол кезде жергілікті тұрғындардың шақыруымен жедел келіп үлгерген тәртіп сақшылары Коловтың аптығын басады.

 

Екінші іс -  әйелдерге шабуыл

 

Бірақ, бірінші бұзақылығы Коловқа ешқандай сабақ болмағанға ұқсайды. Алғашқы әрекетінен ескерту алып құтылған ол «балалар оқиғасынан» кейін бір ай өтер өтпесте келесі оқиғаның «геройы» болады. 1982-жылдың 10-шілдесінде тағы да араққа сылқия тойып алып, тағы да сол аулада Качалкина деген келіншекке тиіседі. Қырындамақ болған мас еркекке оның пысқырып та қарамағаны Коловтың намысына тиеді ғой,  әйелді аузына ақ ит кіріп, көк ит шыға балағаттаған ол артынан қуып жетіп, үйінің кіре берісінде аяусыз соққыға жығады. Сатыға құлап түскен байғұс әйел қатты жарақат алады.

 

Үшінші іс – тәртіп сақшысымен төбелес

 

Колов көкем балаларды пышақтамақ болған әрекетімен, әйелді ұрып жыққан ерлігімен тоқтап қалмайды. Әрі қарай, үлкен істерге аяқ басады. 1983-жылдың қыркүйек айында Игорь Колов милиция қызметкеріне қарсылық көрсеткені үшін ҚазССР Қылмыстық Кодексінің 171-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылады. Жазасын ол 1983-жылдың қараша айынан 1985-жылдың сәуір айы аралығында Қостанай қаласындағы 161/2 қатаң режимді колонияда өтейді.

Оқиғаны сәл тарқатып айтсақ, 1983-жылдың 9-шілдесінде ащы суға еліткен Игорь Колов автобус аялдамасында көзге түскісі келеді. Милиция қызметкерін көріп, батырлығын соған көрсету туралы шешім қабылдайды. Тәртіп сақшысына тәлтіректеп жетіп барған ол милиция қызметкерінің погонын жұлып алып, галстугын жыртады. Алдындағы екі бұзақылығына кешіріммен қараған соттың бұл жолы қатаң шешім қабылдамауға шарасы да жоқ болатын, Колов темір тордың ар жағына барып, біраз уақыт тыныш өмір сүріп қайтады.

Айтпақшы, осы соңғы сот іс кезінде Коловтың психикалық жағдайына сараптама жасалған. Сонда дәрігерлер күдіктінің жағдайын «психопатия истери-возбудимого типа в состоянии компенсации» деп бағалайды. Қазақша айтқанда «екі иығын жұлып жеп, аузы көпірген жынды». Сол себепті де, Колов 1987-жылдан бастап жүйке аурулары ауруханасында арнайы тіркеуде тұрған. 1999-жылдың қыркүйек айында, яғни 12 жыл емделгеннен кейін дәрігерлік комиссия «ескі достарын» «әлеуметтік ортаға бейімделіп, өз бетімен өмір сүруге қабілетке ие болды» деп танып, тіркеуден шығарады.

Бірақ, Коловтың кейінгі қарекеттері комиссияның шешімі қате шешім болғанын дәлелдейді.

 

Төртінші іс – тағы да жұдырық жұмсау

2010-жылдың қазан айында Колов тағы да дүйім жұрттың көзінше азамат Поповты соққыға жыққаны үшін  Рудный қаласының арнайы мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқықбұзушылық жөніндегі Кодексінің 330-бабы, 1-тармағы бойынша жауапқа тартылады. Оның бұл жолғы бұзақылығының себебі тіпті кісінің күлкісін туғызады. Азамат Попов Коловтан Алматыда өтетін рұқсат етілмеген наразылық акиясына барудан бас тартқаны үшін таяқ жеді.

Ұры мен қары апақ-сапақта табысады демей ме, бұл кезде Колов Әбілазов көкесінің ықпалына түсіп үлгерген. Алыстағы жарылқаушысының құдіретіне соншалықты сенген ол жайында жүрген Поповқа жұдырық жұмсағаны үшін 3 күн Уақытша Ұстау Абақтысының дәмін татты.

Рас, бұл жолы Колов темір тордың ар жағынан көресіні көріп, көкесі көзіне елестеп шықты. Білетіндердің айтуынша, өзі секілді бұзақылықпен қамауға алынғандар тамағын бөліспегені үшін оған жақсылап тұрып сыбағасын берген. Әуелі, әупірімдеп жүріп әбүйірін жауып, ар жақтағылардың «құмар тарқатар қызтекесіне» айналудан әрең аман қалыпты.

Осының барлығы «Алғаның» аймақтық үйлестірушісінің жан дүниесіне өз салқынын тигізбей қалған жоқ. Әлі күнге дейін психикалық ауруынан айықпаған ол анда-санда «астено-депрессивті синдром» күйін бастан өткеріп тұрады. Дәрігерлердің айтуынша, әсіресе көктем келгенде көзі ақшиып, езуі көбіршіктене бастайтын Колов дәл осы мезгілде «Есалаңдықтың» алғашқы сатысы болып табылатын «клиникалық депрессияға» түседі.

Шайтанға да жан керек, ауруынан айығу үшін Колов ағзаға аса қатты әсер ететін «Фенозепам» атты психотропты (есірткі секілді) дәріні қолданады. Ол дәріні ішкен адам кәйіпке басып, көзіне қайдағы-жайдағы елестеп, сенделіп жүреді. Оның бұрынғы серіктерінің айтуынша Колов осы дертінен емделу үшін Ресейдің Челябинск облысындағы Увельды демалыс аймағына талай рет барған.

Ем қонбас есалаңдығы мен істеген қылмыстары үшін Коловтың «Алғаны» алға бастыру емтиханынан омақа асары қандай анық болса, қасына тым болмағанда есі дұрыс, дені сау серіктер жинай алмаған Козловтың да алыстан лақтырылған сүйекті дұрыс мүжи алмай арамтамақтар аламанының артында қалары сондай шындық.

Ал, қаншама қаражат шашып, біреулердің басын қосып, билікке қарсы айдап салуға жанталасып жатқан Әбілазовтің саяси сауат жөніндегі емтиханнан екіліктен басқа баға алуы мүмкін емес. Оның саяси сауатсыздығына қолымен істегенін мойнымен көтертер түрлі елдердің сот шешімдері қосылып, тынысы тарыла түсері анық.

Көмейіңнің кеңдігінен не пайда, халықтың қыруар ақшасын қыңқ етпей қылқ еткізген кеңірдегіңнен құдайдың бір жұтым ауасы еркін өтпей қылқынған соң...!

 
Mark_Ruby
29 августа 2012, 12:30
324

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 16000
  • 3
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 12778
  • 3
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 8169
  • 92
Опровержение на статью «Самый большой мошенник в стране – Казахтелеком»

Опровержение на статью «Самый большой мошенник в стране – Казахтелеком»

По требованию компании АО «Казахтелеком», Блог-платформы YourVision» сообщает своим пользователям, что сведения, изложенные в статье, являются непроверенными.
yvision
вчера / 15:29
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
21 нояб. 2017 / 18:36
«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

Жизнь в Алматы не всегда сладкая, как сахарная вата и мультики субботним утром. В этой ироничной статье автор блога «Almaty — My First Love» расскажет о семи причинах не любить Алматы.
AlmatyMyLove
20 нояб. 2017 / 13:12
  • 3196
  • 71
В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

Тут живут будущие повара, актрисы, журналисты, боксеры, баскетболисты, певцы, поэты и многие другие талантливые дети!
socium_kzo
22 нояб. 2017 / 14:49
  • 2617
  • 0
«Развитие Казахстана самими гражданами»: миф или реальность?

«Развитие Казахстана самими гражданами»: миф или реальность?

Проблем в обществе много: даже больше, чем догадывается среднестатистический казахстанец. И тут я хочу описать несколько, с моей точки зрения, проблем нашего общества.
Advokot
18 нояб. 2017 / 23:27
В Алматы появится велосипедный коридор от Орбиты до Зеленого базара

В Алматы появится велосипедный коридор от Орбиты до Зеленого базара

В Алматы планируется строительство велосипедного коридора, который соединит юго-запад и северо-восток мегаполиса. Об этом сообщил глава управления пассажирского транспорта и автодорог Алматы.
yviNews
вчера / 14:20
  • 3029
  • 32