Достар, осы аптадан бастап біз Алматы қаласының кітапханалары бойынша фото-шолуымызды бастаймыз. Бірінші жазбамыз "Қазақстан жазушыларының кітапханасына" арналады.
Мекен-жайы: Алтынсарин даңғылы, 37.
Кітапхананың жұмыс кестесі:
дүйсенбі-жұма: 10.00 – 19.00
сенбі: 10.00 – 18.00
жексенбі: демалыс
Әр айдың соңғы бейсенбісі - тазалық күні
Кітапханаға жазылу үшін не қажет:
1. оқырмандар залына:
- жеке басты куәландыратын құжат немесе студенттік билет
- 3х4 көлеміндегі 1 сурет
2. Абонементке:
- жеке басты куәландыратын құжат
- тұратын орнын растайтын құжат
- 3х4 көлеміндегі 1 сурет
Кітапханада не бар: интернет, ксерокс, сканер.
Ерекшелігі: интернет – 30 минут тегін.
ксерокопия – 5 бетке дейін тегін.
Абонемент залында кітаптарды үйге алып оқуға 15 күн беріледі.
Кітапханада:
оқу залы, абонемент бөлімі және балаларға арналған оқу залы мен "Шұғыла" демалыс орталығы бар.
Кітапхана 1962 жылы құрылған. 2000 жылға дейін орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №13 кітапханасы деп аталып келген. 2000 жылдан бастап Алматы қаласы әкімінің шешімімен Қазақстан жазушылар кітапханасы деп аталады.
Мұнда әр түрлі сала бойынша 60 000 кітап қоры: оқу құралдары, энциклопедиялар, анықтамалар, сөздіктер және оқырмандарға әр түрлі жанрдағы көркем әдебиеттер, тарихи, таңғажайып детективтер, шытырман оқиғалы әдебиеттер бар. Оның 20 000-ға жуығы қазақ тілді кітаптар. Сонымен қатар, өткен жылдың соңынан кітапханаға электронды кітаптар түсіп жатыр. Бүгінде Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы», Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» сынды туындылардың электронды нұсқалары бар.
Балалар бөлімінде балаларға арналған фантастика, отандық және ресейлік жазушылардың жаңадан шыққан кітаптары бар.
Кітапханада жазушылармен кездесулер және еске алу кештері, дебаттар, дөңгелек үстелдер жиі өтіп тұрады.
Мөлдір Жұмағалиева, 1 курс студенті, ҚазҰУ, физика факультеті:
"Бұл кітапхана маған өте ұнайды. Өйткені мұнда тыныш, іздеген барлық оқулықтарыңды мейірімді кітапхана қызметкерлері тез тауып береді. Ең жақсысы - үйіме жақын".
__________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
Comments