Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы

Алия October 26, 2012
14895
13
45
0

ҚР Ұлттық кітапханасы халықаралық кеңістікте әлемдегі ірі кітапханалардың бірі ретінде танымал. Кітапхана ғимараты 1971 жылы арнайы жобамен салынған.


Мекен-жайы
: Абай көшесі, 14.


Кітапхананың жұмыс кестесі:

Дүйсенбі-сенбі: 9.00 – 19.00
Жексенбі: демалыс

Әр айдың соңғы жұмыс күні – тазалық күні.

Кітапханаға тіркелу үшін:

-  жеке куәлік
- студенттік билет

Кітапханада:

интернет - 1 сағат – 150 тг.

ксерокопия – 10 тг.

сканер – 30 тг.

библиографиялық ақпарат іздестіру: 1 ақпарат – 25 тг.

библиографиялық анықтама: 1 анықтама – 70 тг.

Электронды іздеу каталогы бар.

Тамақтануға ыңғайлы асхана бар.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 1931 жылы 12 наурызда Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚАКСР) Орталық Атқару Комитеті Президумының «ҚАКСР Мемлекеттік көпшілік кітапханасын ашу» туралы Қаулысы негізінде құрылған. 1931 жылдың 5 мамырынан оқырмандарға қызмет көрсете бастады.

ҚР Ұлттық кітапханасы халықаралық кеңістікте әлемдегі ірі кітапханалардың бірі ретінде танымал. Кітапхана ғимараты 1971 жылы арнайы жобамен салынған. Алматы қаласындағы отандық сәулет өнерінің озық үлгілерінің  бірі ретінде мемлекеттік маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің Мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Кітапхана оқу залы


Оқырмандарға 1,5 мың орындық, 14 оқу залы қызмет көрсетеді. Жалпы кітапхана 12 бөлімнен тұрады:

  • Каталогтар бөлімі
  • «Қазақстан кітаптары» бөлімі
  • Әлем әдебиеті бөлімі
  • Өнер бөлімі
  • Мерзімді басылымдар бөлімі
  • Анықтама-библиография бөлімі
  • Электрондық басылымдар залы
  • Мұнай-газ ақпараттық ресурстары залы
  • Кітапханатану залы
  • Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімі
  • Диссертациялар бөлімі
  • Мәдени-бұқаралық және көрме жұмысы бөлімі


Айнұр Жандосова, Қазақ Ұлттық педагогика университетінің 3-курс студенті, география факультеті: "Бұл кітапханаға көбінесе сабақ барысымен келемін. Менің мамандығым туризм болғандықтан бұл жерден осы салаға байланысты көптеген кітаптарды оңай табуға болады".

Оцените пост

44

Комментарии

1
Ұлттық кітапхана дейсің бе? Жоқ, бармағанмын! :)
0
бармасаң да, бір күні баруға тура келеді))
1
Жақсы, кітапхана! Бірақ жаңа кітаптардың тапшылығы бар ...
0
Я в основном в НАБРК зависаю ;) nabrk.kz Между прочим, на западе библиотеки намного лучше! Для каждого читателя светильник, работаю они до ночи, что очень удобно во время сессии!
1
Барып қайтатын кітапхана екен...
Показать комментарии