С. Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы


Мекен-жайы: Төле би көшесі, 27.
Кітапханаға жазылу үшін:
- оқу орнынан анықтама
Кітапхананың жұмыс кестесі:
Дүйсенбі - Жұма: 9.00-18.00
Сенбі: 10.00-17.00.
Жексенбі: демалыс.
Кітапханада: абонемент, бөбектерге арналған оқу залы, 5-сынып оқушыларына арналған абонемент, жоғары сынып оқушыларына арналған оқу залы, өнер әдебиетінің бөлімі, ақпарат-библиографиялық бөлімі, даму және жаңа технологияларды енгізу бөлімі, ұйымдастыру-әдістемелік кітап қорын сақтау, кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі деп аталатын 11 бөлім бар. Соның алтауы тұтынушыларға тікелей қызмет көрсетеді.


























Қазақ, орыс, шет тілдеріндегі кітаптардың 500 мыңдай қоры: мектеп бағдарламасына көмекші ретіндегі ғылыми және анықтамалық әдебиеттер, әлемдік классика және балаларға арналған қазіргі көркем әдебиет, аудио және бейне басылымдар, электронды тасымалдау мағлұматтары бар. Сонымен қатар:
- қажет деген кітабыңды оқу залынан 1 түнге алып оқуға;
- Белгілі бір тақырыпқа әдебиеттерді таңдауға ұсыныс беруге;
- Жазба түріндегі библиографиялық сұраныс алуға;
- Көшпелі кітап көрмесіне, кітапханалық шаралар өткізуге және т.б. сұраныс беруге болады.


Ерекшелігі:
Достық және Пушкин көшелерін алып жатқан лабиринт тәріздес жер асты кітап сақтау қоры бар. Жыл сайын кітапханада «Кітапханадағы түн» деп аталатын іс-шара өтіп тұрады. Бұл түнде кітапхана қызметкерлері оқырмандарына кітаптардан құралған лабиринтті аралап көруге рұқсат береді.
Балалар кітапханасының туған күні - 10 мамыр 1951 жыл. Дәл осы күні кітапхананы құру туралы жарлыққа қол қойылды, ал 31 желтоқсан күні кітапхана өзінің алғашқы оқырмандарын қабылдады.

Бекзат Әлімқұлов, №12 мектептің 5-сынып оқушысы:
"Бұл жерге өзіме қызықты кітаптарды оқу үшін келемін. Әлемнің ашылмаған сырларын, біз білмейтін қырларын білу үшін аптасына 3-4 рет келіп тұрамын".
