Қос ару Қайыңды мен Көлсайға саяхат

Бахытжан Бухарбаев 2011 M08 11
5368
29
19
0

Өткен аптаның демалыс күндері жолдасымыз екеуміз қала өмірінен демалу мақсатымен...

Өткен аптаның демалыс күндері жолдасымыз екеуміз қала өмірінен демалу мақсатымен және ішкі туризмді қолдау ойымызбен Алматы облысы, Райымбек ауданында орналасқан Қайыңды және Көлсай көлдеріне саяхат жасауға бел будық. Алматыдан шығысқа қарай 280 шақырым жерде Күнгей Алатауында орналасқан.

Алматыдан Цирктің маңынан жұма күні сағат кешкі тоғыздарға таман төменгі суреттегі автобуспен жолға шықтық.

Жол көп уақыт алады. Қайыңды көлінің маңындағы Саты аулына түнгі сағат 3.30-да жеттік те, сол жердегі бір үйде орналастық. Бағдарлама бойынша, келесі күні Қайыңды көліне бару керекпіз.

Таңғы астан кейін бізді осы автобус көлге қарай апаратыны белгілі болды.

Үйдегі Жолбарыс есімді күшік пен бұзаулар:

Мен сурет түсіріп жүргенде, жолдасым автобустан маған орын алып қойыпты.

Үйден көлге дейінгі жол 20 минут уақытты алады екен. Жолдар жаман, асфальтсыз жолмен төбеге қарай шығу керек. Бізді тұтқаларды мықты ұстап отыруымызды сұрады.

Сатыдан шығып бара жатқанымызда алыста мешітті байқап қалдым:

Ауыл шағын болғанына қарамастан, осында мәдениет үйі, емхана бар.

Біздің шыдамдылығымыз марапатталып, 20 минут жолдан кейін Қайыңдыға кіреберістегі экопостта тоқтадық:

Осы жерден көлге қарай көлік жүрмейді. Екі жол бар: иә жаяу жету керек, ия атпен жете аласың. Қуанышқа орай, атты жалға бере тұратын ат иелері осында көп екен. Жолдасым екеуміз бір-бір атқа отырып алдық.

Төмен түскесін, Қайыңдының ортасында судан шығып тұрған батқан кемелердің діңгектеріне ұқсайтын құраған қарағайларды көрдік.

Осы жерлерде JCS тобы өзінің "Сұлулық" өлеңіне клип түсірген деседі.

Қайынды көлі көшкін жылжығанның нәтижесінде бір ғасырдан астам бұрын пайда болған.

Көлдің орналасуы оның суына түсуге ыңғайсыз - бірден терең болып кетеді. Оның есесіне, суы таулы болғандықтан, тастай суық. Бұл жердің кереметі - таза ауасы, самал желі және көлдің жанында орналасқан бұлақ.

Суының тазалығы мен тәттілігі сонша, қанша ішсең де қанбайсың:

Әрине, жоғарыдағы сұлулықты көріп, оған анағұрлым жақын болғың келеді. Өкінішке орай, бұл жерде жалға берілетін қайық жоқ екен. Бірақ шешімі тез табыла қойды. Алысырақ жерде өз жолымен келген туристер демалып жатыр екен. Олардың үрлемелі резеңке қайығын көріп қалдық. Ортасына дейін жүзіп баруға сұрап едік, еш қиналмай бере салды.


Жолымыз болды. Енді саяхатымызды ары қарай жалғастырсақ болады. Біз топтан бөлініп, көлдің бастауына бет алдық. Ол үшін алдымен төбешікке көтеріліп, сосын түсу керек.

Төбеден Қайыңдының керемет панорамасы көрінеді. Төмендегі қайықта біз жаңа ғана жүзген болатынбыз:

Жол қысқа емес.

Астына жеткендегі көргенімізді сөзбен суреттеу қиын. Қаншалықты сұлу әрі керемет екенін өзіңіз қарап бағалай аласыз:

Осы жерде тұрып, төбемізде екі бүркіт ұшып өткенін көрдік. Мынау біздің атбегіміз Асхат есімді жігіт.

Шынын айтсам, астына тек жолдасымыз екеуміз ғана түстік, ал таудың суына сүңгуге бүкіл топтан батылы жеткен тек өзім болдым:

Суының суықтығы сонша, сүйектен өтеді.

2010 жылдың маусым айында Қайыңды көлі сел тасқынымен шайылып кетіпті. Көлдің бүгінгі күнгі деңгейі бұрынғыға қарағанда 10 метрге төмендеген.

Қайтар жолда қайың тоғайына тоқталдық. Көлдің атауы осы ағаштармен байланысты.

Сөйтіп Саты ауылына қайта оралдық. Бірінші күніміз осылайша өтті.

Екінші күні таңғы астан кейін Көлсайға жол алдық. Оған дейін де автобуспен біраз жол жүру керек.

Жолда осындай қызық үйлерді көрдік. Жергілікті халық оларды "Избушки на курьих ножках" деп атайды екен.

Көлсайдың суы Қайыңды суынан сәл ғана жылырақ, бірақ ішуге жарамсыз.

Осы жолмен ары жүрсең, эделвейс аталатын гүлдерді көруге болады. Бірақ оларды жұлуға рұқсат етілмейді.

Словакиядан келген қонақтар бір-бірлерін суретке түсіріп жатыр.

Мен енді Алматыдағы Арбаттағы суретшілер тауларын қай жерде отырып салғанын білемін:

Атыраудан келген отбасының ұлы Ермұрат бізбен достасып үлгерді:

Осымен саяхатымыз аяқталды. Алда жол бар, бірақ жолға шықпас бұрын, бізді екі күн бойы үйінде қонақжайлықпен күткен Ардақ тәтемен естелікке сурет:

Алматыға қайтар жолда Шарында тоқтадық.

Осындай сұлу орындарына бай ұлан-ғайыр жерді сақтап, бізге жеткізген ата-бабаларымызға тағзым етемін.

Оцените пост

11

Комментарии

0
Өте керемет репортаж! Жаксы демалыпсыз, Бәке! Жолдасыңыз өте сұлу екен :)
Бізде бір уақыт тауып барсақ, жақсы болар еді.
0
kyzyk post, rahmet, kaiyndy - korkynyshty kol)
0
Қайыңды Көлсайдан жоғары еді ғой, ия? әлде мен шатастырып тұрмын ба..
-4
Түсінуімше, жоғары болу керек. Қырғызбен шекаралас жерге жақын.
-5
Ия, әсіресе қайықпен жүзіп бара жатқанда су астындағы ағаш діңгектерінің ұшын көргенде, қайықты тесіп жібере ме деп қорқасың. )
Показать комментарии