📣 1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады
👩🏻💼Іріктеуге мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгерген, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
🚀Іріктеу 2025 жылдың маусымынан қазанына дейін өтетін бірнеше кезеңнен тұрады. Іріктеу қорытындысы бойынша резервке үздік 50 үміткер қабылданады. Қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден тыс әртүрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.
🧭 Іріктеу 6 бағыт бойынша іске асырылады:
• әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;
• агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
• цифрландыру;
• инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
• экономикалық және қаржылық саясат;
• сыртқы саясат және инвестициялар.
Іріктеу маусым мен қазан айлары аралығында 6 кезеңмен өтеді:
- Құжаттарды қабылдау
📅 1–30 маусым
🌐 http://pkrezerv.gov.kz порталында - Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау
📅 2–10 тамыз - Ситуациялық тапсырмаларды шешу
📅 16–17 тамыз - Құзыреттерді бағалау
📅 22 тамыз – 28 қыркүйек - Сарапшылық комиссияда әңгімелесу
📅 8–15 қазан - Ұлттық комиссияның отырысы
📅 25 қазанға дейін
Іріктеу нәтижесінде үздік 50 кандидат Президенттік жастар кадр резервіне қабылданады. Резервке енген үміткерлер 3 жыл ішінде конкурстан тыс түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігіне ие болады.
🌐 Іріктеу шарттары мен кезеңдері туралы толық ақпарат ресми порталдан қолжетімді: http://pkrezerv.gov.kz
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс арналары арқылы көмек алуға болады:
📞 +7 700 096 70 74
💬 Jivo чат порталында
📧 [email protected]
Еліңе қызмет еткің келсе — мүмкіндігіңді жіберіп алма!
Президенттік резерв — сенің жаңа биіктерге бастар жолың.
