ІІМ ӨЗ ҚАТАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЫМЫРАСЫЗ КҮРЕС ЖАРИЯЛАДЫ
Ағымдағы жылдың 3 қазанында ұлттық қауіпсіздік органдары мен ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті жүргізген бірлескен операция нәтижесінде ұзақ уақыт бойы құқыққа қарсы әрекетпен айналысқан Ақмола облысы полиция департаментінің басшы лауазымдағыларды әшкереледі. Департамент бастығының орынбасары ұсталды, басқа адамдарға қатысты өзге де бұлтартпау шаралары қабылданды. Жоғары лауазымды полицейлерді ұстау – ұлттық қауіпсіздік органдарымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп жүргізілген алғашқы операция емес. Бұл министрліктің сыбайлас жемқорлыққа, сондай-ақ өз қатарларындағы заңдылықтың басқа да бұзушылықтарына қарсы іс-қимыл жасауының және осы жұмыстың транспаренттілігін қамтамасыз етудің нәтижесі. Сонымен, бірлескен іс-әрекеттер барысында ағымдағы жылдың 8 айында қызметкерле…

