ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Апта сайын әлеуметтік желілерде өткізілетін тікелей эфирдің аясында полицейлер желі қолданушыларымен мүліктік қылмыстардың және интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелерін талқылады. Криминалдық полиция қызметкерлері қылмыспен күреседі, қылмыстардың алдын алу, ескерту және ашумен айналысады. Сондай-ақ, жедел уәкілдер қылмыскерлер мен із-түссіз жоғалғандарды іздестіреді. Облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климовтың ақпараты бойынша өңірдегі криминогендік жағдай тұрақты. Жыл басынан жалпы қылмыс саны 7,5 пайызға төмендеген. Іздестіру жұмысына да ерекше назар аударылады: 63 қылмыскер ұсталып, із-түссіз жоғалған 47 адамның жүрген жері анықталды. Тікелей эфир шеңберінде полицейлер соңғы кездері жиі кездесетін мүліктік қылмыс - интерне…