ПРАЙМЕРИЗ ҮМІТКЕРЛЕРІНІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН QR-КОД АРҚЫЛЫ ТАНЫСУҒА БОЛАДЫ
Заманына қарай амалы демекші, сандық технологиялар «Nur Otan» партиясының қызметін де айналып өткен жоқ. Уақыт өткен сайын саяси ұйым жұмысын цифрландыруға бұруда. Мәселен, кандидаттар партияішілік іріктеу – праймериздің үгіт-насихаттық жұмысында кеңінен қолдануда. Бұл бастаманы жетісулық қатысушыларда қолға алған. Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаевтың сөзінше, QR-код қолдану өте ыңғайлы, әрі смартфонмен қажетті ақпаратты толығымен алса болады екен. «Партия заман ағымына қарай заманауи технологияны пайдалану қажет. Сол себепті де, Алматы облысындағы үміткерлеріміз QR-код қолдану арқылы да үгіт насихат жұмыстарын жүргізуде. Өңірімізде кез келген тұрғын үміткердің таратпа қағаздағы (брошюра) QR-кодпен смартфоны арқылы толыққанды мәлімет алып, с…