ОБЛЫСТЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ҰСЫНЫСЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙТЫНДЫҒЫН ЖЕТКІЗДІ
ПРАЙМЕРИЗДЕГІ ПІКІР-САЙЫС: ОБЛЫСТЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ҰСЫНЫСЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙТЫНДЫҒЫН ЖЕТКІЗДІ Бүгін Талдықорған қаласында партияішілік іріктеуге қатысушы үміткерлердің кезекті пікір сайысы өтті. Саяси додада өңір басшысы, облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталов болып, үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларын тыңдап, көтерген ұсыныс мәселелеріне назар салды. Мысалға, үміткер - тілші Қажет Андас өз сайлауалды бағдарламасында экологиялық мәселеге тоқталып, қоқысты сұрыптаудың өзектігін айтса, үміткер - мектеп директоры Жамал Нұрлыбаева білім ордаларының материалдық-техникалық базасын да тілге тиек етіп, шешілу жолдары бойынша да өз ұсыныстарын білдірді. Өңір басшысы, филиал төрағасы Амандық Баталов пікір-сайысқа қатысқан 6 үміткердің сайлауалды бағдарламалары мен көтерген мәселелері назардан тыс қалмайтындығын жеткізді. Жалпы, Алматы облысында бүгінгі таңда 1059 үміткер праймеризге қатысуда және үміткерлер 30-шы қыркүйекке дейін пікір-сайыстарға қатыспақ, олар 178 топқа бөлінген.



