«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ МӘРТӨК АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІ ЖАСАЛДЫ
«Nur Otan» партиясының Мәртөк аудандық филиалының конференциясында мәслихатқа партиялық тізім қалыптастырылып, Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне кандидаттар анықталды. Сондай-ақ, аудандық сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, партияның Ақтөбе облыстық кезектен тыс XXХ конференциясына қатысу үшін делегаттар сайландыСонымен, ең жоғары рейтингісі бар праймеризге қатысушылар қатарынан және филиал квотасын ескере отырып, аудан мәслихатына 1 орынға 2 адам қағидаты бойынша 22 кандидаттан тұратын партиялық тізім түзілді.Талдау көрсеткендей, тізімдегі әйелдердің үлесі 45%-ға дейін, ал 35 жасқа дейінгі жастар 23 %-ға дейін. Үміткерлердің орташа жасы – 43 жас. Қызметтегі 9 депутаттың 3-уі ғана жаңа партиялық тізімге енді.Конференция барысында праймериз қортындысы бойынша ең жоғары партияластарын…




