Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ МӘРТӨК АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІ ЖАСАЛДЫ

«Nur Otan» партиясының Мәртөк аудандық филиалының конференциясында мәслихатқа партиялық тізім қалыптастырылып, Парламент Мәжілісінің партиялық тізіміне кандидаттар анықталды. Сондай-ақ, аудандық сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, партияның Ақтөбе облыстық кезектен тыс XXХ конференциясына қатысу үшін делегаттар сайланды

Сонымен, ең жоғары рейтингісі бар праймеризге қатысушылар қатарынан және филиал квотасын ескере отырып, аудан мәслихатына 1 орынға 2 адам қағидаты бойынша 22 кандидаттан тұратын партиялық тізім түзілді.

Талдау көрсеткендей, тізімдегі әйелдердің үлесі 45%-ға дейін, ал 35 жасқа дейінгі жастар 23 %-ға дейін. Үміткерлердің орташа жасы – 43 жас. Қызметтегі 9 депутаттың 3-уі ғана жаңа партиялық тізімге енді.

Конференция барысында праймериз қортындысы бойынша ең жоғары партияластарының дауысын жинаған үміткерлер арасында пікірсайыс өтті. Бірінші раундта қатысушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларының негізгі тезистерін таныстырды, екінші раундта "сұрақ-жауап" түрінде пікірталас сессиясы өтті.

СОСТАВЛЕН ПАРТИЙНЫЙ СПИСОК МАРТУКСКОГО РАЙОННОГО ФИЛИАЛА ПАРТИИ «NUR OTAN»

На конференции, состоявшейся 11 ноября, Мартукского районного филиала партии "Nur Otan" сформирован партийный список в маслихат, определены кандидаты в партийные списки Мажилиса Парламента. Также была утверждена районная предвыборная программа, избраны делегаты для участия во внеочередной ХХХ конференции партии в Актюбинской области

Так, из числа участников праймериз с самым высоким рейтингом и с учетом квоты филиала сформирован партийный список из 22 кандидатов на 1 место в районный маслихат по принципу 2 человека.

Анализ показывает, что доля женщин в списке составляет до 45%, а молодежь в возрасте до 35 лет-до 23%. Средний возраст претендентов - 43 года. Из 9 действующих депутатов только 3 вошли в новый партийный список.

В ходе конференции состоялись дебаты среди кандидатов, набравших по итогам праймериз самые высокие голоса своих однопартийцев. В первом раунде участники представили основные тезисы своих предвыборных программ, во втором раунде состоялась дискуссионная сессия в форме "вопрос-ответ"

0
0
126

Еще по теме

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ МӘРТӨК АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІ ЖАСАЛДЫ - Yvision.kz