БАЙҒАНИН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 72,6 ПАЙЫЗЫ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Бұл ауылдарға газ құбырының құрылысы 2018 жылы басталған. Елдi мекендердi газдандыру бюджеттік бағдарламасы аясында іске асырылған жобаны Мердігер компания «КазПромСтройГрупп» ЖШС жүзеге асыруда. Барлығы 356 810 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда 325 821,2 мың теңге игерілген. Құрылыс осы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде. Мердігер мекеме 25 адамды жұмыспен қамтыған.Ал, Жарлы ауылына ауылішілік газ құбырының құрылысын «Компания Газ Строй» ЖШС жүргізуде. 193 975 мың теңге қаражат бөлінсе, қазірге дейін 170 000,8 мың теңгесі игерілді. Құрылыс жұмыстары нәтижесінде 339 тұрғын үй газбен қамтылады.Ноғайты ауылына тартылатын және кент ішіндегі газ құбырын салуды «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «СК-Максимум» ЖШС жүзеге асыруда. Жергілікті…

