КОНФЕРЕНЦИЯ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
КОНФЕРЕНЦИЯ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Батыс Қазақстан облыстық «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев конференцияның барлық делегаттары дауыс беруге қатысқандығын мәлімдеп, ақпараттық жүйе арқылы дауыс берудің қорытындысымен таныстырды.
Дауыс беру нәтижесінде ең жоғары дауыс жинаған
үш кандидат конференция шешімімен ҚР Парламенті Мәжілісінің өңірлік квотасына сәйкес партиялық тізімге енгізу үшін Съезге ұсынылды.
Сондай-ақ конференция барысында «Nur Otan» партиясынан Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекітілді.
Мұнан соң биылғы жылдың 25-ші қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ Съезіне біздің өңірден қатысатын 20 делегаттың тізімі бекітілді.
Сонымен қатар конференция барысында «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамы сайланды. ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында партияның үгіт жұмыстарын ұйымдастыру бойынша облыстық, қалалық, аудандық сайлауалды штабтарының құрамы бекітілді.
«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы Ғали Есқалиевтің ұйғарымымен облыстық сайлауалды штабының басшысы ретінде филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев бекітілді.
Nur Otan
#NurOtan
