«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXII КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Аталған конференцияның күн тәртібінде Маңғыстау облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту, пікірсайыстың қорытындысы бойынша кандидаттар үшін дауыс беру, облыс бойынша партиялық тізім бекіту, облыстық Саяси кеңесінің құрамына өзгертулер енгізу және партияның кезектен тыс XX сьезіне делегаттар сайлау мәселелері қаралды. Конференцияға 94 делегат қатысты. Делегаттардың 30,5 %-ы әйелдер және 16,8 %-ы 35 жасқа дейінгі жастар.Күн тәртібіндегі пікірсайыстың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысынан жоғары рейтинг жинаған 3 кандидат мәжіліс депуттатығына үміткер ретінде тіркелді. Олар Мусабаев Самат Базарбайұлы, Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы және Казахбаев Оспан Даденұлы. Ал пікірсайысқа қатысқан басқа кандидаттар облыстық мәслихатқа депутаттыққа үміткер ретінде тіркелді. Сонымен қатар Маңғыстау облысының партиялық тізімі бекітілді.
