ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН!
Кеше Ордабасы аудандық орталық кітапханасында 1-желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай "Елбасы және Қазақстан" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.🔸🔸🔸Көрменің басты мақсаты –ҚР Тұңғыш Президенті, мемлекетіміздің жетекші саяси партиясы «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз еліміздің қалыптасу мен даму кезеңіндегі жүргізген саясатын, іскерлік қабілетін, болашаққа бағыт-бағдар берген Елбасының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбектерін оқырмандарға жеткізу, жас ұрпаққа насихаттау.🔹🔹🔹Көрмеге Елбасының тәуелсіздік жылдарындағы жүріп өткен жолы, жетістіктері жайлы еңбектерімен қоса, Тұңғыш Президент туралы М.Қасымбековтың «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», Б.Сапаралының «Тұңғыш Президенттің балалық шағы», А.Гафоровтың «Еліне елеулі Елбасы: Н.Назарбаев – са…
