Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН!

Кеше Ордабасы аудандық орталық кітапханасында 1-желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай "Елбасы және Қазақстан" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

🔸🔸🔸

Көрменің басты мақсаты –ҚР Тұңғыш Президенті, мемлекетіміздің жетекші саяси партиясы «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз еліміздің қалыптасу мен даму кезеңіндегі жүргізген саясатын, іскерлік қабілетін, болашаққа бағыт-бағдар берген Елбасының осы уақытқа дейінгі атқарған еңбектерін оқырмандарға жеткізу, жас ұрпаққа насихаттау.

🔹🔹🔹

Көрмеге Елбасының тәуелсіздік жылдарындағы жүріп өткен жолы, жетістіктері жайлы еңбектерімен қоса, Тұңғыш Президент туралы М.Қасымбековтың «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», Б.Сапаралының «Тұңғыш Президенттің балалық шағы», А.Гафоровтың «Еліне елеулі Елбасы: Н.Назарбаев – саясат майданының қайраткері», А.Сәулебектің «Елбасының алтын бесігі», тағы басқа да авторлардың кітаптары, сондай-ақ Елбасының іссапардағы, отбасылық естелік суреттері, жеке заттары оқырмандар назарына ұсынылды.

🔸🔸🔸

Оқырмандар Елбасының балалық шағынан бастап, бүгінгі ерен еңбектері жөнінде жан-жақты қамтылған туындылармен танысты. Жас ақындар Елбасыға арнаған өлеңдерін оқып берді.

0
0
144

Еще по теме

ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН! - Yvision.kz