ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚҚА ПАРЫЗ
"Ерлікке тағзым -ұрпақ парызы"тақырыбында еңбек ардагерлері мен жастардың кездесуі өтті. Кездесу барысында «Jas Otan» жастар қанаты Байқоңыр бөлімшесінің төрағасы Ердаулетов Азамат және басты қонағымыз еңбек ардагері Сыражанова Канымша Алтынбаевна жастарға ұрпақтар сабақтастығы, патриоттық тәрбиенің маңызы,Ұлы Отан соғысы туралы естеліктер айтылды. Басты мақсат Еліміздің ертеңі үшін қан төккен, туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек еткен аға буын өкілдерінің ерлік істерін өскелең ұрпақ арасында насихаттау дейді.
Кездесу барысында жастық шақтарының естеліктерімен бөлісе отырып, еліміздің қазіргі тыныштық сәтін, бейбіт күнін, Елбасының саясатын жас ұрпақтарға үлгі етіп айтып өтті.
Отан алдындағы борышын ерлік шежіресімен өтеген ардагерлерді ұлықтау бүгінгі ұрпақтың парызы.
