Перейти к содержимому

Новое

ПАРТИЯ КАНДИДАТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Аудандық штабтың қоғамдық қабылдау бөлімшесіне әлеуметтік желі арқылы байланысқан Сарыағаш қаласының тұрғыны Ұлжан Оңалбекованың әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша қойылған сұрақтарына жауап берді.

0
0
119

Встреча с членами ППО «Культурно-досуговый центр поселка Актас» города Сарани.

2020 жылы 11 желтоқсанда ZOOM платформасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Бижанова Гүлнара Қадыржанқызы Саран қаласы Ақтас кентіндегі «Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуге мәдениет пен өнер өкілдері және «Аленушка» бөбекжайының қызметкерлері қатысты. Гүлнара Қадыржанқызы іс-шараға қатысушыларды өзінің сайлауалды платформасымен және қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен таныстырды.

Кездесу соңында партия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

11 декабря 2020 года на платформе ZOOM кандидат в депутаты Мажилиса Парламента Республики Казахстан Бижанова Гульнара Кадыржановна провела встречу с членами первичной партийной организации «Культурно-досуговый центр поселка Актас» города Сарани. На встрече присутствовали представители культуры и искусства, а также работники яcли-сада «Аленушка». Гульнара Кадыржановна ознакомила участников мероприятия со своей предвыборной платформой и ходом выполнения государственных программ, реализуемых в настоящее время.

В завершение встречи ответила на члены вопросы членов ППО, заданные в ходе встречи.

0
0
449

СЕНІМДІ ӨКІЛДЕР ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

«Nur Otan»  партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаевтың тапсырмасына сәйкес, Түлкібас аудандық маслихаттағы «Nur Otan»  партиясы депуттатығына кандидаттардың және партияның сенімді өкілдерінің Түлкібас аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау кестесі түзілген болатын.

Осыған орай, «Nur Otan»  партиясы Түлкібас аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес , аудандық маслихаттың хатшысы, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат  Сейсенбаев Садуахас, «Ахметов КиК» ӨК директоры, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат  Қуандық Ахметов, Түлкібас ауданы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімінің «Шақпақ» жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің директоры, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат  Маткеримов Өтеппай және партияның сенімді өкілдері  азаматтардың арыз-өтініштерін тыңдап, қабылдау жүргізді. Қабылдау барысында жекешелендіруге байланысты құжаттандыру, денсаулық сақтау саласы, елді-мекендегі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым , әлеуметтік сала бойынша мәселелер қаралды.

0
0
123

ВСТРЕЧИ С ИЗБИРАТЕЛЯМИ

Кандидаты в депутаты жезказганского городского маслихата главный редактор жезказганской городской газеты «Сарыарка» Дархан Мухан, директор историко-археологического музея г. Жезказгана Раушан Капарова, главный специалист молодежно-ресурсного центра города Изтулеу Тусип провели агитационную встречу с избирателями в рамках акции «От двери к двери».

Среди тех, кого посетили кандидаты были представители творческой интеллигенции: заслуженный артист РК Галым Мухамбедин, член Союза журналистов Казахстана Амандык Рахов и их семьи. В ходе беседы были разъяснены основные направления работы партии, которая включает в себя вопросы развития города и региона, поддержку историческо- культурной сферы, поддержку молодежи и молодежной политики, партия также ратует за прозрачность работы исполнительных органов.

0
0
225

ТҮЛКІБАС САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ЖҰМЫСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Бүгін Түлкібас аудандық партия филиалы жанынан құрылған сайлауалды штабы өз жұмысын бастады. Филиалдың ғимаратында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аумақтық сайлауалды штабының басшысы Еркебаев Қуатбек Сағымбекұлы штаб мүшелеріне үгіт кезеңі басталғандығын ресми жариялап, алдағы атқарар жұмыстарымен таныстырып өтті. Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - ол еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді деді. Онда Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бар. Бұл - жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану. Сонымен қатар, Партияның имиджіне нұқсан келтіретін кез-келген қауіп-қатерді болдырмау керектігін ескертті.

Біздің барлығымыз Партиямыздың осы заманғы сын-қатерлерге батыл жауап беретін және қазақстандықтардың сеніміне лайық нақты істер партиясы екенін көрсетуге тиіспіз деп штаб жұмысын бастады.

"Nur Otan" партиясы Түлкібас аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
264

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЙМАҚТЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Бүгін Түркістан облысында аймақтық сайлауалды штабының жұмысы басталды. Осыған орай «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары, өңірлік сайлауалды штабының басшысы Бейсен Тәжібаев БАҚ өкілдеріне арнап, баспасөз мәслихатын өткізді.

Брифингте сөз алған Бейсен Дәулетұлы 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталғанын хабарлады.  Ол сондай-ақ облыстық филалдың саяси науқанға 100 пайыз дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, өңірімізде сайлауға байланысты барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешіліп,  белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалған.

«Облыстық-аймақтық сайлау комиссиясында біздің 632 кандидаттан тұратын партиялық тізіміміз тіркелді. Оның ішінде 536 адам праймериз жеңімпазы болса, 96 адам партия филиалының квотасына ие болғандар. Партия басшылығының тапсырмасы бойынша біздің өңірлік сайлауалды штаб құрылды. Штаб құрамына 118 адам кірді. Бұл біздің өңір, қала тұрғындары арасында лайықты беделге және құрметке ие адамдар.  Яғни, олардың арасында  мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері бар.  Штабтың 35 мүшесі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие», – деді Бейсен Дәулетұлы.

Сондай-ақ штаб жанынан белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылды. Оған «Jas Otan» жастар қанатының барынша дайындалған 1000-нан астам белсенділері мен партияның жас жақтастары кірген. Ақпараттық бағытта да кәсіби мамандар штаб құрамына алынған. Олар партияның сайлауалды бағдарламасын жұртшылыққа жан-жақты түсіндіріп, жедел ақпарат таратпақ.

Сайлау қарсаңында партияның аумақтық және аймақтық филиалдарының конференциялары өткізіліп, барлық сайлауалды бағдарламалар бекітілді. 320 депутаттық мандаттық орынға 632 адамнан тұратын партиялық тізім жасақталды. Оның ішінде 31% әйелдер болса 21% – 35 жасқа дейінгі жастар. 83 азамат облыстық мәслихат депутаттығына кандидат. Партиялық тізімі 74%-ға жаңарып, кандидаттардың орташа жасы 40 жасты құрады. 7 үміткер Мәжіліске ұсынылды.

Жалпы Түркістан облысында 1 миллион 200 мыңға жуық сайлаушы бар. Олар 911 сайлау учаскеге біріктірілген. Оған партия атынан сенім білдірілген 2700-ге жуық азамат бекітіліп отыр.   Сондай-ақ,жарты миллионға жуық сайлаушыны қамтитын  4400-ге жуық іс-шаралардың  желілік кестесі жасақталған. Оның 40 пайызы онлайн форматта өткізілмек.

Осылайша, түркістандық «нұротандықтар» партияның 7 бағыттан тұратын өңірлік сайлауалды бағдарламасын елге насихаттау, түсіндіру бағытында жұмыс атқарады. «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!», – дейді партия белсенділері.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

0
0
220

ТҮЛКІБАСТЫҚ ЖАСОТАНДЫҚТАР САЙЛАУ АЛДЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ

2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтеді. Осыған орай жасотандықтар арнайы белгіленген орындарда үгіт-насихат құралдарын барлық елді-мекендерде ілу жұмыстарын жүргізді.

0
0
110

Если вы нуждаетесь в срочной доставке медикаментов, обходите стороной Europharma!

Europharma, у меня складывается впечатление,  что вы торгуете каким-то бесполезным товаром: семечками или рогатками,  например. Но никак не медикаментами - товарами первой необходимости.

У вас на сайте написано, что доставка по г. Алматы по техническим причинам осуществляется в течении дня (ранее вроде было в течении 3-х часов). Буквально, если я оставила заказ 09.12, то и должна его получить 09.12!

Фото: https://tengrinews.kz

Теперь к сути. 09.12 я разместила на сайте заказ в 16.41 (в том числе антибиотики для несовершеннолетнего ребёнка и препарат от повышенного давления для пенсионера). В заказе препараты, которые мне нужны сегодня, а не про запас.

В 22.47(!) мне приходит SMS, что по техническим причинам мне доставят заказ в течении следующего дня!!! В ТЕЧЕНИИ СЛЕДУЮЩЕГО ДНЯ!!! Меня вполне бы устроил этот ответ, если бы я, например, заказала шляпу от солнца по мегаскидке с намерением использовать её будущим летом. НО НЕ МЕДИКАМЕНТЫ!!!

Не умеете работать - уходите с рынка.

Источник: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=3542406965873671&id=100003132080764

1
2
1217