Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СЕНІМДІ ӨКІЛДЕР ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаевтың тапсырмасына сәйкес, Түлкібас аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депуттатығына кандидаттардың және партияның сенімді өкілдерінің Түлкібас аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау кестесі түзілген болатын.

Осыған орай, «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кестеге сәйкес , аудандық маслихаттың хатшысы, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Сейсенбаев Садуахас, «Ахметов КиК» ӨК директоры, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Қуандық Ахметов, Түлкібас ауданы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімінің «Шақпақ» жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің директоры, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Маткеримов Өтеппай және партияның сенімді өкілдері азаматтардың арыз-өтініштерін тыңдап, қабылдау жүргізді. Қабылдау барысында жекешелендіруге байланысты құжаттандыру, денсаулық сақтау саласы, елді-мекендегі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым , әлеуметтік сала бойынша мәселелер қаралды.

Еще по теме

СЕНІМДІ ӨКІЛДЕР ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ - Yvision.kz