ТҮЛКІБАС САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ЖҰМЫСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Бүгін Түлкібас аудандық партия филиалы жанынан құрылған сайлауалды штабы өз жұмысын бастады. Филиалдың ғимаратында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аумақтық сайлауалды штабының басшысы Еркебаев Қуатбек Сағымбекұлы штаб мүшелеріне үгіт кезеңі басталғандығын ресми жариялап, алдағы атқарар жұмыстарымен таныстырып өтті. Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - ол еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді деді. Онда Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бар. Бұл - жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану. Сонымен қатар, Партияның имиджіне нұқсан келтіретін кез-келген қауіп-қатерді болдырмау керектігін ескертті.
Біздің барлығымыз Партиямыздың осы заманғы сын-қатерлерге батыл жауап беретін және қазақстандықтардың сеніміне лайық нақты істер партиясы екенін көрсетуге тиіспіз деп штаб жұмысын бастады.
"Nur Otan" партиясы Түлкібас аудандық филиалының баспасөз қызметі.
