Перейти к содержимому

Новое

Агитационная встреча с работниками ТОО "Нур Каад Агро"

Сегодня прошла агитационная встреча кандидатов в депутаты районного маслихата, членов КПК и ОСПК с трудовым коллективом ТОО «Нур Каад Агро", по разъяснению предвыборной программы партии "Nur Otan".

0
0
164

ТҮРКІСТАН - САРЫАҒАШ:ҚОЛДАУШЫЛАР САНЫ АРТУДА

Кездесуде Алмас Салимов, Жомарт Абдибаев, Мадина Иманбек, Алтынай Айтбаева болып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Бағдарламада негізгі төрт басымдық берілген. Соның бірі: Әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру. Еліміздің әрбір азаматы қандай кәсіп ашамын десе өз еркі. Ол үшін Үкіметтің бекіткен мемлекеттік бағдарламалары бар. Ал, сол бағдарламалардың орындалуын тікелей партия өз бақылауында ұстайтынын жеткізіп, ұсынылып отырған сайлауалды бағдарламада осыны көздеп отырғанын жеткізді, үміткерлер.

Кездесу соңында, ұжымның ұсыныс піркірін тыңдап, алдағы саяси науқанда белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы штабының баспасөз қызметі.

0
0
156

ТҮРКІСТАН - САРЫАҒАШ:"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Кездесу барысында партиялық үміткерлер «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тұрғындардың мұң-мұқтаждарын тыңдады. Бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
180

КАНВАССИНГ. ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА

КАНВАССИНГ. ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА

«Nur Otan» партиясынан Қазығұрт аудандық мәслихат детутаттығына үміткерлер А.Қайрат, Б.Бердалы канвассинг форматындағы іс-шаралар аясында, Жігерген ауылындағы сайлаушылардың үйіне барып, тұрғындардың хал-жағдайымен танысты.

Үміткерлер кездесу барысында «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, атқаратын іс-шаралар жайлы баяндады.

Сайлаушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, үміткерлердің тұщымды жауаптарын алды.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
185

СЕМИНАР ТРЕНИНГ ӨТТІ

СЕМИНАР ТРЕНИНГ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы  Қазығұрт аудандық сайлауалды Штабында партияның сенімді өкілдерімен семинар тренинг өтті. Бұл іс-шараны Штаб басшысының орынбасары Б.Асқаров жүргізді.

Ол сенімді өкілдерге ҚР сайлау туралы Заңы аясында атқарылатын жұмыстарды атап көрсетіп, сенімді өкілдердің қызметі туралы нұсқаулықпен таныстырды. Жиын соңында сенім өкілдер өздерінің түсінбей жатқан жақтарын айтып, Штабтың заңгер-кеңесшілерінен тиісті жауаптарын алды.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
135

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕР САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕР САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары А.Ақынғазиева мен аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы М.Нұран аудан орталығы Қазығұрт ауылының тұрғындарымен кездесті.

Үміткерлер өз сайлаушыларына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар партияның бағдарламасында көрсетілген денсаулық, әлеуметтік, жер қатынастары  салалары бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталып, оның қалай жүзеге асырылатыны жайлы түсініктеме берді.

Кездесу соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға заң талаптарына сай жауап беріп, кейбір көкейкесті мәселелердің оң шешілуіне атсалысатындықтарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
146