Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕР САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕР САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары А.Ақынғазиева мен аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы М.Нұран аудан орталығы Қазығұрт ауылының тұрғындарымен кездесті.

Үміткерлер өз сайлаушыларына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар партияның бағдарламасында көрсетілген денсаулық, әлеуметтік, жер қатынастары салалары бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталып, оның қалай жүзеге асырылатыны жайлы түсініктеме берді.

Кездесу соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға заң талаптарына сай жауап беріп, кейбір көкейкесті мәселелердің оң шешілуіне атсалысатындықтарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
121

Еще по теме

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕР САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ - Yvision.kz