Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТҮРКІСТАН - САРЫАҒАШ:ҚОЛДАУШЫЛАР САНЫ АРТУДА

Кездесуде Алмас Салимов, Жомарт Абдибаев, Мадина Иманбек, Алтынай Айтбаева болып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Бағдарламада негізгі төрт басымдық берілген. Соның бірі: Әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру. Еліміздің әрбір азаматы қандай кәсіп ашамын десе өз еркі. Ол үшін Үкіметтің бекіткен мемлекеттік бағдарламалары бар. Ал, сол бағдарламалардың орындалуын тікелей партия өз бақылауында ұстайтынын жеткізіп, ұсынылып отырған сайлауалды бағдарламада осыны көздеп отырғанын жеткізді, үміткерлер.

Кездесу соңында, ұжымның ұсыныс піркірін тыңдап, алдағы саяси науқанда белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы штабының баспасөз қызметі.

0
0
129

Еще по теме

ТҮРКІСТАН - САРЫАҒАШ:ҚОЛДАУШЫЛАР САНЫ АРТУДА - Yvision.kz