ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЙМАҚТЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Осыған орай «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары, өңірлік сайлауалды штабының басшысы Бейсен Тәжібаев БАҚ өкілдеріне арнап, баспасөз мәслихатын өткізді.Брифингте сөз алған Бейсен Дәулетұлы 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталғанын хабарлады. Ол сондай-ақ облыстық филалдың саяси науқанға 100 пайыз дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, өңірімізде сайлауға байланысты барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешіліп, белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалған.«Облыстық-аймақтық сайлау комиссиясында біздің 632 кандидаттан тұратын партиялық тізіміміз тіркелді. Оның ішінде 536 адам праймериз жеңімпазы болса, 96 адам партия филиалының квотасына ие болғандар. Партия басшылығының тапсырма…