«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ – АҒАЙЫННЫҢ АХУАЛЫМЕН ТАНЫСУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ
«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ – АҒАЙЫННЫҢ АХУАЛЫМЕН ТАНЫСУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ
«Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихаттың депутаттығына кандитаттар Жайлауов Бақтыбай, Берік Жарылғапұлы, Битан Сәдуақас, Конысов Руслан Мұнайлы аудандық филиалының бекіткен желілік жоспарына сәйкес, «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында Атамекен ауылының тұрғындарымен кездесті. Шара барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партияның назарынан тыс қалмайтын әлеуметтік, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Тұрғындармен тілдесіп, ұсыныстарын тыңдады. «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы барысында айтылған әрбір ұсыныс пен пікір жеке бастың емес, қоғамның, елдің мүддесіне арналды.
#NurOtan
#JenimpazBol
#BizBirgemiz
#Tanday2021
