ТҰРҒЫНДАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
ҚР Парламент Мәжілісі депутатына кандидат Оспан Қазахбаев Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылындағы, Тобанияз көшесіндегі тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында ашық кездесу ұйымдастырды.
Оспан Дәденұлы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» ұранымен партияның сайлауалды бағдарламасын халыққа түсіндіріп, 20 жылдан аса тарихы бар еліміздің жетекші партиясының күні бүгінге дейін атқарған жұмыстары туралы сөз етті. Сондай-ақ партияның саяси күш ретінде мемлекетіміздің дамуы жолында, оның ішінде әр өңірдің әлеуетін арттырудағы оң бастамаларын жеткізіп, партияның басты міндеттерінің бірі елдің, халықтың сенімін ақтау екенін баса айтты.
Еркін форматта өткен кездесуде сайлаушыларға сайлауалды бағдарламада көрсетілген негізгі 7 басымдыққа топтастырылған бағдарламаны түсіндіре отырып, екі жақты пікір алмасты. Сайлаушылар ауылдарына қатысты көкейтесті мәселеріне тұщымды жауаптар алды.
