Перейти к содержимому

Новое

ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАСЫМДЫҚТЫ ҚОЛДАДЫ

Тарихы тереңде жатқан қазақ елінің тәуелсіздік мерекесінде облыстағы өзге ұлт өкілдері Қазақстан Халықтар Ассамблеясының үлкен жиын залында басқосты.

Алдымен жиналғандар бір-бірін еліміздің ұлық мерекесімен құттықтап, жақсы тілектер тіледі.

Жиынның мақсаты – «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға әзірлеген даму бағдарламасымен танысу, этнос өкілдерімен кері байланыс орнату, ұсыныс-пікірлерін білу.

Партияның сайлауалды бағдарламасы жөнінде облыстық мәслихат депутатына үміткер Людмила Меңдіғалиева толық таныстырып өтті. Әр өңірге жеке әзірленген бағдарламаның маңызды бөліктеріне тоқталып, әңгіме барысында білім саласындағы басымдықтарға кеңінен көңіл бөлді. 5 жылда республика көлемінде 800 жаңа мектеп салу және аудан орталықтары мен ауылдарда 5 мың мектепті жаңғырту жоспарланған. Соның ішінде 20 жаңа мектеп облыс көлемінде бой көтермек. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100%-ын мектепке дейінгі біліммен қамту көзделген.

- Биылғы жыл жалпы әлем елдері үшін оңай болмады. Әлемдік пандемияның әсерінен елімізде төтенше жағдай жарияланып, бүгінгі күнге дейін карантин шаралары жалғасып келеді. Негізгі күш денсаулық саласының қызметкерлерімен бірге білім саласы, педагогтарға да қатар түсті. Оқушылар онлайн оқуға көшкенде алдын ала не оқушыда, не мұғалімде дайындық болмады. Алайда бұл жағдай барлық саладағы қызметке кеңірек қарауға, салауатты өмір салтын ұстануға үйретті. Цифрландыру саясатын енгізу қарқынды жүзеге асты, - деді Л.Меңдіғалиева.

Сонымен қатар шара барысында облыстық сайлауалды штаб мүшесі, «Дагистан» дағыстан халқының мәдени орталығы төрағасы Юсуп Шахшаев пен «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Маденоваға сөз берілді. Олар мерекемен құттықтап, партияның үлесі жөнінде айтып өтті. Жиналғандардан мектептегі оқу бағдарламасы, камқоршылық кеңес бойынша сұрақтар қойылып, жауап берілді.

Курбанали Газибеков, «АЛА-ТОО» этномәдени бірлестігінің төрағасы.

- Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың қызырлы мекеніне айналған еліміз Қазақстанның тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Ауызбіршілігіміз, ынтымағымыз нығай берсін. Бүгінгі кездесуде партияның алдағы мақсатты жұмысымен толықтай таныстық, білім саласындағы жақсы жаңалықтарға қанық болдық. Мұғалімдердің мәртебесі артып, жалақысы көтеріліп, жастар осы салада қызмет етуге қызығушылығы артады деген сенімдемін. Партияның басым бағыттарын қолдаймын.

0
0
152

ОНЛАЙН РЕЖИМДЕГІ КЕЗДЕСУ

Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларын түсіндіру бойынша Жұбанов Сағатбек Орынғалиұлы жұмыссыз тұрғындармен онлайн режимінде кездесу өткізді.

Кездесу барысында пікірлер мен ұсыныстар тыңдалып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берілді.

0
0
163

КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Исатаев Рахметулла Амантайұлының сенімді өкілі Усенов Сарсен Сандибаевич Бейнеу политехникалық колледжі ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Өз кезегінде  жиынға қатысушылар  «Nur Otan»  партиясының жұмысына оң бағасын беріп партияны қолдайтындарын  жеткізді.

0
0
137

КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ

"Nur Otan" партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық және облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың "Ұстаз" және "Шетпе" бастауыш партия ұйымдары мүшелерімен кездесуі өтті.

Кездесуде елде болып жатқан саяси жаңалықтармен жақынырақ таныстырып, алдағы болатын сайлауда белсенділік танытып, жаппай қатысуға шақырды. Әсіресе ұстаздар қауымының мәртебесі мен статусы, әлеуметтік жағдайы туралы айтылды. Мұғалімдердің тұрмыстық жағдайы мен әл-ауқатының жақсаруы, білім сапасына тікелей әсер ететінін ескере келе осы жолда аянып қалмайтындықтарын жеткізді.  Жиында  сөз алған кандидаттар сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттары, сондай-ақ атқаратын жұмыстары жөнінде егжей-тегжейлі түсіндірді. Қиындықты еңсеріп,жеңіске бірге жетеміз.

КАНВАССИНГ

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді

Жармыш ауылында аудандық мәслихат депутатына кандидат Ешманов Жолдасбек Жұмабекұлы және оның сенімді өкілдері Көп балалы ана, "Алтын алқа" иегері Закирова Күләш және Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы, ауыл ақсақалы Әнет атамыздың шаңырағына барып "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасындағы нақты шараларды айтып түсіндірді. Кездесу барысында ауыл ақсақалы алда келе жатқан саяси науқанға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

0
0
141

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР

16 желтоқсан күні Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Мұратбеков Жайық Қожабекұлы тікелей эфир арқылы "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттарымен таныстырды

Партияның өңірді дамыту бағдарламасында, халықтың әл - ауқатын арттыру жұмыстарын қамтитын маңызды мәселелер мен партияның қоғамдағы белсенділігі жөнінде айтты.

0
0
181

БАЙКЕН ӘШІРБАЕВ «БАЛ ТЕКСТИЛЬ» ТІГІН ФАБРИКАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Онда «Nur Otan» партиясының атынан шығып отырған қалалық маслихаты депутаттығына үміткер Байкен Әшірбаев қала тұрғындарына партияның сайлау алды бағдарламасын кеңінен түсіндірді.

Айта кетейік, Шымкент қаласының сайлау алды бағдарламасы да праймериз кезеңінде тұрғындардан түскен ұсыныстар негізінде дайындалды. Нақтырақ айтқанда қала тұрғындарынан келген 685 ұсыныстың 98 пайызы NurOtan партиясының сайлау алды бағдарламасының негізі бағытарының біріне айналды. «NurOtan» - нақты істер партиясы! «Қиындықты еңсеріп жеңіске бірге жетеміз».

0
0
119

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ОНЛАЙН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Nur Otan» - еліміздің ең ірі, жетекші саяси партиясы.

1999 жылы негізі қаланған партияның қатарына миллиондаған қазақстандықты қосып, еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың басты бастамашысы және іске асырушысы болып отыр. Әрдайым халықтың пікіріне сүйеніп, мүддесі мен қажеттілігін біліп отыруды алдыңғы орынға қояды.

Партияның мемлекетіміздің дамуы, халықтың әл-ауқатының көтерілуі жолында жасаған жұмыстарында шек жоқ деуге болады. Партияның қызметі өткенмен тоқтамақ емес, алға жылжып, жақсару, кемелдену бағытында дамымақ. «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» атты ұранмен ауыл шаруашылығын дамыту, ауылдың әл-ауқатын көтеру, медицинаға қолдау, дәрігерлердің жалақысын көтеру, тұрақты жұмыс орындарын ашу,  мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тең мүмкіндік, қарттарға қамқорлық, сапалы білім, заң, кәсіпкерлік, жалпы барлық салада прогресс жасауға мүдделі.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, «Nur Otan»-ның халықпен бірге еңсерген жетістіктері мен алдағы жоспарлары жөнінде облыстық мәслихат депутатына кандидаттар Серікбай Төлетов пен Бақтыбай Жайлау «Zoom» платформасы арқылы сайлаушылармен онлайн кездесуде толық таныстырып өтті. Партияның сайлауалды бағдарламасының аймақтарға арналған басым бағыттарын айтты.

Эфирге тұрғындар, қала-аудандардағы бастауыш партия ұйымы мүшелері мен мәслихат депутатына түсіп жатқан кандидаттар да белсенді қатысты. Сұрақ-жауаптан бөлек, спикерлерге ұсыныстар да айтылды. Б.Жайлау барлық мәселе, ұсыныс маңызға алынып, алдағы жұмыс жоспарына енгізілетінін жеткізді.

0
0
183

«АҚ БИДАЙ-ТЕРМИНАЛ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

15 желтоқсанда аумақтық сайлауалды штаб мүшелерінің «Ақ бидай-терминал» АҚ терминалының қызметкерлерімен онлайн-кездесуі өтті.

Кездесу барысында өңірлік сайлауалды штабының мүшесі Римма Өтесбаева өз сайлаушыларын партияның рөлі мен міндеттері туралы әңгімелеп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырды.

«Маңғыстау облысының ауылшаруашылық саласында жаңа өндірістік қуаттарды салу маңызды.  Атап айтқанда, 2023 жылға дейін қуаттылығы 15 мың тонна құрайтын жем зауытының, құс фабрикасының құрылысы, сондай-ақ Мұнайлы ауданында 2025 жылға дейін сыйымдылығы 5 мың тонна болатын ірі қоймалар салу », - деді облыстық мәслихат депутатына кандидат Ақылбай Сапаров.

«Ақ бидай» кәсіпорнының жұмысшыларымен онлайн-кездесу кезінде облыстық штабтың мүшесі Иса Бимырзаев партия мүшелері біздің аймағымызда экономикалық дамудың тұрақтылығы мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы үшін барлық күш-жігерін салып жатқанын атап өтті.

Кездесу соңында И.Бимырзаев сайлаушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
125

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

15 желтоқсан күні облыс бойынша сайлауалды штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде барлығы 77 тұрғыннан өтініш келіп түсті.

Атап айтар болсақ, жазбаша түрде 11, ауызша түрде 34, электронды почта арқылы 2, телефон арқылы 30.

Өтініштерге талдау жасасақ, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жер және тұрғын үй бөлу және жұмыссыздық бойынша мәселелері көбірек алаңдататыны белгілі болды. 15 мәселе жер және тұрғын үй бөлу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша 19 сұрақ, жұмыссыздық бойынша 18 сұрақ, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша 21 сұрақ, халықты құжаттандыру және тіркеу бойынша 1 мәселе айтылды. Сондай-ақ денсаулық саласы бойынша да тұрғындардың көкейтесті сұрақтары қойылды. Нәтижесінде 54 өтінішке түсініктеме беріліп, 23-і бойынша жұмыстар басталды.​ ​

11 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында жұмыс жасайтын штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Nur Otan» партиясы атынан тізімге енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген азаматтары тұрғындарды онлайн-форматта, жеке, телефон арқылы да қабылдайды.

Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:

📷 8 (7292) 42 97 37, 8​ 778​ 387 46 43

0
0
136